2025 жылдың 17 наурызында Микробиология және вирусология кафедрасының эдвайзері Б.Б. Рысалованың жетекшілігімен «Медицина» мамандығының 2 курс М23-015 тобының студенттері ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған «Шаңырақ күніне» арналған іс-шараны ұйымдастырды.
Сұхбат барысында университеттің бірқатар оқытушылары, қызметкерлері және студенттері Шаңырақ күніне қатысты өздерінің көзқарастарымен, өмірлік тәжірибелерімен және отбасылық құндылықтарға қатысты ой-пікірлерімен бөлісті. Қатысушылар ұлттық бірлік, ата-баба мұрасы, отбасындағы тәрбиенің рөлі жөнінде әсерлі естеліктер айтып, жастарға үлгі боларлық құнды кеңестер ұсынды. Іс-шара өте жылы әрі достық атмосферада өтті. Қатысушылар өзара пікір алмасып, ұлттық рух пен жанұялық құндылықтардың маңыздылығын терең ұғынды.
Микробиология, вирусология кафедрасының эдвайзерлері Рысалова Б.Б. Нургазина Г.С., профессор ассистенті Искакова У.Б. және «Медицина» мамандығының 2 курс М23-015 топ студенттері 17 наурыз – Шаңырақ күніне орай сұхбат ұйымдастырып атаулы мерекені бізбен бірге атап өтуге шақырады.