2017 ж. 2-ші наурызында С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың мұражайында Халықаралық әйелдер мерекесі қарсанына байланысты «Арулар – асыл жандар» атты әдеби — сазды кеш ұйымдастырылды. Кеш негізінен қазақ халқының ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығындағы ана, көктем, махаббат тақырыбына арналған.
Әдеби — сазды кешке Жалпы медицина факультеті 4- курс студенттері: Ракимова Мәдина, Ділдәбек Ақбота, 2 — курс студенті: Бостанов Сағдат, Стоматология факультеті 5- курс студенті: Балқан Ақылбек, Қоғамдық денсаулық сақтау факультеті 1 — курс студенттері: Алшынов Бекбаулы, Оқаева Айым т.б студенттерінің қатысуымен өтті. Ақының жыр сүйгіш ұрпақтарының бірі студент Махсотов Бақытжан өзінің М.Мақатаевқа арнаған өлеңін және «Анама рақмет» өлеңін оқып, белсене қатысты. Кеш қонақтары: Жалпы медицина факультеті деканының орынбасары Абдыхалықова А.И және кафедра меңгерушісі Абдуллина З.А мен кафедра оқытушылары болды.
Әдеби — сазды кеш қазақ тілі және кәсіби қазақ тілі кафедрасының оқытушылары: Қуанышбаева Ш.С., Серікқалиева А.Қ.,Төлеева Н.Ә ұйымдастырды. Кеште студенттер ақынның «Аққулар ұйықтағанда»,»Мен таулықпын «,»Қазақ жері » т.б. өлеңдерін оқыды. М.Мақатаевтың жанды дауысы тыңдалып, деректі фильмнен үзінді көрсетілді. «Арулар, асыл жандар», «Сәби болғым келеді», » Есіңе мені алғайсың» әндері орындалып, күй тартылды.