2013 жылдың 7 желтоқсанында Ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының ассистенті Сулейменова А.С. жетекшілігімен ЖМ факультетінің 3 курс 017-1; 017-2 тьюторлық топ студенттерімен бірге Балалар үйінің «Балдырған» тобына «Тәуелсіздік күні» мейрамы қарсаңына қайырымдылық шара өткізілді. Орбита 3 ықшам ауданы 27 үй мекен-жайында орналасқан № 1 Балалар үйінің тәрбиешісі Бекмуратова Гульжан Керімшеқызының тәрбиелеп отырған «Балдырған» тобындағы 12 балаға: 4 қыз 8 ұл балаға 017 тьюторлық топ студенттер көмегімен алдағы «Жаңа жыл» мейрамына орай мерекелік костюмдер сыйға тартылды. Жаңа жылдық сыйлықтар 7-8 жас аралығындағы 1 сынып оқушыларының ойынан шықты.
Студенттер балалармен тез тіл табысып, костюмдерін кигізісіп, араласып кетті. Балалар өз сыйлықтарын тамашалап, қуаныштарын жасырмады, алғыстарын айтып жатты. Гульжан Керімшеқызы, мед. бике Айман студенттермен бірігіп балаларға ойын ұйымдастырды. «Отанды сүю », «Тәуелсіздік күні», «Отбасылық құндылықтар» және т.б. тақырыптарда балалар бар жігерлерін салып мәнерлеп өлеңдер оқыды. Өлеңдерін студенттер зейін салып тыңдап, қайран қалды. Өйткені енді ғана өсіп келе жатқан кішкене балалардың тағдыр тауқыметіне қарамастан ерік жігерлі, тәрбиелі және өнегелі болып өсіп келе жатқандары студенттердің жүрегінде үлкен әсер қалдырды.
Студенттер балалар үйінде тәрбиеленуші 12 баланың әрқайсысының жан дүниесіне аз уақыт болса да көңіл бөліп, үңылуге тырысты. Балалық шаққа қайта оралып, түсінуге тырысты. Сол күнгі кештен студенттер үлкен ой түйіп қайтты және осындай тағдырлы жандарға қолдарынан келген көмекті көрсетуге аянбайтындықтарын айтты.