«Біз жемқорлыққа қарсымыз» атты пікірталас алаңы

          Қазіргі жаңа қоғамның сипаты іскерлік болса, бұл жолда жетістіктеріміз де аз емес. Ал шешімі күрделі мәселелер де бар. Ол әлеуметтік мәселе. Бұл салада қоғам өмірінде түбегейлі шешімі табылмай тұрған мәселе, ол — жемқорлық. 2017жылдың  4-ші сәуірінде  «Жалпы медицина» факультетінің деканаты және биологиялық химия кафедрасының жемқорлыққа қарсы саясатына жауапты доцент Ерджанова С.С., аға куратор Досымбекова Р.С.-ның ұйымдастыруымен  Мемлекеттің жемқорлыққа қарсы саясатына арналған «Біз жемқорлыққа қарсымыз» атты пікірталас алаңы  өткізілді. Іс-шара қонақтары ретінде ректордың кеңесшісі, профессор Мустафина Ж.Ғ., биохимия кафедрасының меңгерушісі, профессор Шарипов К.О., кафедраның профессор-оқытушылар құрамы, «Жалпы медицина» факультетінің  2 курс студенттері (ЖМ-15-022, 023, 026, 027, 042 – куратор топтар), топ кураторлары қатысты. Пікірталас алаңы өте қызықты өткізілді, кеш қонақтарның айтар насихаты мен келер ұрпаққа деген ыстық өсиеті студенттерді бей-жәй қалдырмады. Қатысушылар тарапынан да қызықты мәлімет алмасулар мен қызу талқыға салынған сұрақтар өрбіді. Сонымен  қатар пікірталас алаңына қатысушы студенттермен жемқорлыққа қарсы  «Брейн-ринг» интеллектуалды ойыны өткізілді.  Бұл кеште ЖМ 026-топ студенттерімен дайындалған «Балаға қиянат» атты скеч көрсетіліп, болашақ дәрігер студенттерге үлкен ой салды.

«Біз жемқорлыққа қарсымыз» атты пікірталас алаңында «Брейн-ринг» интеллектуалды ойыны өткізілді.

Биохимия кафедрасының меңгерушісі,  профессор Шарипов К.О.

Ректордың кеңесшісі, профессор Мустафина Ж.Ғ.

 

ЖМ 026-топ студенттері «Балаға қиянат» атты скеч көрсетті.

«Біз жемқорлыққа қарсымыз» атты пікірталас алаңына   белсенді қатысушылар.