НАУРЫЗНАМА-2025
15 наурыз – «Қайырымдылық күні»
Жарқын мереке – әз Наурыз қарсаңында С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің микробиология, вирусология кафедрасы кәсіподақ комитетімен бірлесіп университетіміздің ардагерлеріне арналған қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Кафедра эдвайзерлері Бейсегулова Г.Н., Игисенова А.И., Нургазина Г.С., Ханділла З.М. және «Медицина» мамандығының 2 курс М23-012, М23-013, М23-017, М23-018 топ студенттері ардагерлердің үйлеріне арнайы барып, оларды мерекемен құттықтап, сыйлықтар мен азық-түлік жиынтықтарын табыстады. Бұл кездесулер тек құрмет көрсетудің белгісі ғана емес, сонымен қатар ардагерлеріміздің университет пен медициналық ғылымға қосқан өлшеусіз еңбектерінің елеусіз қалмағандығының белгісі болып табылады.
Наурыз – мейірімділік, бірлік пен өзара қолдаудың мерекесі! Дәстүрлерімізді сақтау ғана емес, оларды келешек ұрпаққа жеткізіп, үлкендерді құрметтеуді насихаттау – маңызды міндет. Осы игі іске атсалысқан барлық жандарға шынайы алғысымызды білдіреміз!