Фармакология кафедрасы 1932 жылы ұйымдастырылған, ол университеттің іргелі кафедраларының бірі болып есептеледі. Алғашқы кафедра меңгерушісі профессор М.И.Клемпарский болған. Кафедраның әрі қарай дамуы профессор И.И.Сиверцевтің есімімен байланысты. Ол кафедраның ғылыми қызметінің жаңа бағытын — қазіргі күнге дейін өзектілігін жоғалтпаған — фитофармакологияның негізін салушы болды. 1960 жылдан 1985 жылға дейін 26 жыл бойы кафедраны профессор Г.И.Самарина басқарды. Оның жетекшілігімен ғылыми-зерттеу жұмыстары қайта синтезделген декагидрохинолин мен пиперидин туындыларының жергілікті анестезиялаушы белсенділігін анықтау мақсатында Химия ғылымдары Институтымен бірге жүргізілді. Жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде медициналық практикаға алмакин және рихлокаин деген жергілікті анестетиктер ұсынылды. 1985 жылдан 1989 жылға дейін кафедра меңгерушісі Р.К.Утепбергенова болды. Ол өзінің көп жылдық жемісті де табысты істері үшін мемлекет тарапынан марапатталды. Жарты ғасырға жуық кафедрада еңбек ардагерлері доц. В.В.Аракелова мен доц.Р.Ф.Каримова жұмыс істеді, олар бүгінгі күнге дейін кафедрадан қол үзбей, кеңес беріп, өз білімдерімен және тәжірибесімен бөлісіп отырады.
1989 жылдан бері кафедраны профессор Г.М.Пичхадзе меңгеруде. Осы аралықта кафедра оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстарда белгілі табыстарға жетті, оның куәсі ретінде 20 жыл бойы кафедраның мемлекеттік аттестациядан бірде-бір ескертусіз өтуін атап өтуге болады.
Қазіргі кезде фармакология пәнін оқыту барлық факультеттердің 2-3 курс студенттеріне жаңа кредит технологиясы бойынша жүргізілуде. Кафедра қызметкерлерімен студенттерге арналған оқу-әдістемелік кешендер, көрнекі құралдар, білімді бақылау және өлшеу құралдары дайындалды. Оқытушылармен оқытудың инновациялық әдістері белсенді түрде жүзеге асыруда: мәселелі дәрістерді оқу, практикалық сабақтарды іскерлі ойын, диспут түрінде оқыту, мультимедиялық бағдарламаларды кеңінен қолдану. Барлық оқу бөлмелері заманға сай стендтермен безендірілген.
Кафедра қызметкерлері Г.М.Пичхадзе, В.В.Аракелова және Д.М.Қадыровамен ҚР Жоғарғы медициналық оқу орындарының студенттеріне және медициналық ЖОО фармацевтика факультетінің студенттеріне арналған фармакология пәні бойынша бірінші типтік бағдарлама дайындалып, бекітілді. Профессор Г.М.Пичхадзе фармакология бойынша ҚР-ның жоғарғы медициналық оқу орындарының барлық мамандықтарына арналған типтік бағдарламалардың авторы немесе авторлар құрамында болды. Д.А.Харкевичтің «Фармакология» оқулығы доцент С.Б.Сламжанованың редакциялығымен қазақ тіліне аударылды. Г.М.Пичхадзенің редакциялығымен Д.М.Қадырова және И.И.Ким «Фармакологияның практикалық сабақтарына жетекшілік: есептер жинағы» және «Медициналық колледждерге арналған оқу құралы — оқулық» шығарылды. Соңғы он жылда кафедра қызметкерлерімен 40-тан астам әдістемелік нұсқаулар шығарылды, оқу үрдісіне 29 жеке және бірлескен енгізулер мен ұсыныстар, ал денсаулық сақтау практикасына 18 ұсыныс енгізілді.
Кафедраның негізін салушылармен қаланған ғылыми жұмыстар әлі күнге дейін жалғасын табуда. Кафедраның ғылыми жұмыстарының бағыттарына:
1. «Жаңадан синтезделген пиперидин мен амидоксим туындыларының негізінде белсенділігі жоғары және уыттығы төмен, ұзақ әсер ететін жаңа мембранатұрақтандырушы заттарды табу». Зеттеулер нәтижесінде уыттығы төмен, белсенділігі жоғары анестетик және аритмияға қарсы зат «Казкаин» препараты жасап шығарылды. Аталған анестетик бойынша алынған патенттер 2004 жылы «Жыл өнертабысы» номинациясында Республикалық конкурстың жеңімпазы атанып, «Қазақстанның өсімдіктерінен және синтетикалық шикізаттарынан жаңа отандық дәрілік заттарды табу, жасау және енгізу» тақырыбы аясындағы елеулі еңбегі үшін профессор Г.М.Пичхадзе ҚР ғылым, техника және білім саласындағы мемлекеттік сыйлықпен марапатталды. Кафедра қызметкерлерімен (аға оқыт. Қ.Ө.Есетова, оқыт. С.Р.Насырова, Ш.О.Имашова) 3 кандидаттық диссертация, кафедрадан тыс 3 диссертация қорғалып, 20-дан астам патент пен предпатент, сонымен қатар 5 инновациялық патент алынды.
2. Кафедра қызметкерлері Қазақстандағы өсімдік шикізаттарынан дәрілік заттарды жасап шығару жөніндегі зерттеу жұмыстары бойынша АҚШ-пен Қазақстан университеттері бірлескен ғылыми жұмыстар жүргізуде. Осы салада жеткен табыстары үшін профессор Г.М.Пичхадзеге Дүниежүзілік Биопоиск Институтымен «GIBEX Fellow» құрметті атағы берілді. Аталған тақырып бойынша 2009 жылы кафедрадан тыс бір докторлық диссертация қорғалды, тағы бір докторлық диссертация аяқталу сатысында.
3. Кафедраның ғылыми жұмыстарының жаңа бағыты – қазіргі медициналық практикадағы өзекті мәселе болып табылатын – бронх-өкпе патологиясы кезінде антибиотикке тұрақтылық дамуының алдын алуға бағытталған жұмыс бойынша доцент Л.В.Ананьева антибиотиктерді нысана мүшелерге бағытты жеткізу үшін наноконтейнерлерді қолдану туралы докторлық диссертация орындалуда. Нанотехнологияны қолдану бойынша 2009 жылы кафедрадан тыс бір докторлық диссертация қорғалды және бір жұмыс аяқталуға жақын.
4. Кафедрада дәстүрлі ғылыми зеттеулермен бірге қазіргі заманғы практикалық медицинаның өзекті мәселелері — денсаулық сақтау саласындағы қаржы тапшылығында тиімді фармакотерапияны зерттеу мәселелері бойынша жұмыстар жүргізілуде.
5. Кафедраның жаңа ғылыми бағыттарының бірі регенеративтік медицинадағы жасушалық технология және тіндік инженерия болып табылады.
Ағымдағы оқу жылында кафедра қызметкерлері халықаралық «Әлемдік дағдарыс жағдайында азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз етудің қазіргі күйі мен болашағы» тақырыбындағы ғылыми конференцияның ұйымдастыруға қатысты.
Әр жыл сайын өткізілетін «Университет күндері» халықаралық конференциясына қатысу дәстүрге айналды. Биылғы жылы ҚазҰМУ 80-жылдығына байланысты екі ғылыми конференция жоспарланып отыр: «Антибиотикке тұрақтылық – дамуы мен алдын-алу» және «Жаңа жергілікті анестетиктерді жасап шығару, жетістіктері, келешегі». Кафедра қызметкерлері жыл сайын ҚР КҒА ҰҒА (Кіші ғылым академиясы) Республикалық ғылыми конференцияны ұйымдастырады.
Кафедрада екі тілде ғылыми студенттік үйірме жұмыс істейді. Жыл сайын үйірме мүшелері Республикалық деңгейдегі ғылыми студенттік конференцияларда жүлделі орындарды иеленеді. Зерттеу нәтижелері ғылыми басылымдарда басылып шығарылады. Кафедраның ғылыми студенттік үйірмесі 2008 жылы университет бойынша «Ең жақсы үйірме» атағына ие болды. Сонымен қатар, кафедрада ҚР ҰҒА КҒА жұмыс атқарады. Жыл сайын оқушы үйірмешілер Республикалық ҰҒА ғылыми-практикалық конференцияларда жүлделі орындар алып, жұмыстары еңбек жинақтарында жарық көреді.
Кафедрада студенттердің тәрбиесіне де көп көңіл бөлінеді. Кафедра оқытушылары студенттерге тәлімгерлік жасап, жүйелі түрде тәлімгер сағатын өткізеді, студенттердің сабаққа үлгерімін талқылайды, жастарды патриоттық тәрбиелеу жұмыстарын жүргізеді. Кураторлар студенттермен бірге театр, музей, концерттерге және т.б. бірге барады.
Кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы үнемі семинар, тренинг, оқу курстарында өз білімдерін арттырып (куәләндіруші сертификаттар алынған), сонымен қатар оқытудың заманагөй әдістерін және фармакология пәнінен білімдерін жетілдіріп отырады.
Кафедра қызметкерлері денсаулық сақтау мекемелеріне, Республиканың жоғарғы оқу орындарында және тұрғындарға үнемі көмек көрсетіп отырады.
Кафедра қызметкерлері табысты жұмыс істеумен қатар демалысты жақсы ұйымдастырады. Кафедраның ардагерлері да назардан тыс қалған емес (кафедра қызметкерлері оларға қажет көмекті үйіне барып көрсетіп отырады). Кафедраның бұрынғы қызметкерлері, үйірме мүшелері және университет түлектерімен де байланыс үзілмейді.