Ішкі аурулар пропедевтикасы мен гистология кафедраларының ұйымдастыруымен «Егемендік – басты құндылығымыз!» атты
дөңгелек үстел өткізді
2017 жылдың 8 желтоқсан күні Ішкі аурулар пропедевтикасы мен Гистология кафедраларының ұйымдастыруымен дәріс залында «Егемендік – басты құндылығымыз!» атты дөңгелек үстел өтті.
ҚазҰМУ ЖМ мектебінің 3 курс 001/1, 004/1, 010/1 топ студенттері сол кезеңдердегі халықтың талан-таражға түскен тағдырынан сыр шертіп, дөңгелек үстелдің тақырыбын барынша аша түсті, желтоқсанның ызғарлы желін сезіндіре білді.
Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болғай!