7 қазан күні 2016 жылы — жаңа оқу жылының басында ерекше жарқын оқиға «Ғылыми үйірмелер жәрмеңкесі» С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ұйымдастыруымен университетАренасында өткізілді. Жәрмеңкеде базалық және клиникалық кафедралар үйірмелері, соның ішінде Жедел медициналық жәрдем беру кафедрасы мен ғылыми жетекшісі м.ғ.д., профессор Мусаев А. Т.болып табылатын «Дарын» ғылыми үйірмесі, ал осы үйірмеге мүшестуденттер Айтелі Р., Кабдекенова Ж., Дасербай Қ., Өмірғалиева Ж., Бегларов. Д., Эгамбердиева. М., Ибрахимова. М., және т. б.; интерн — Жанен З., Алдабергенов Е., Мергенбаев Ж., Камал М., резиденттер — Имангалиева А., Хабланов А., және т. б. қатысты.»Дарын» ғылыми үйірмесі өз кезегінде үш тұғырлы тіл саясатын ұстанып,ғылыми-зерттеу бағытында ақпараттар ұсына отырып, Испания, Венгрия, Португалия, Польша, Германияда болған баяндамалар мен республикалық және халықаралық деңгейдегі40 –тан астам жарияланымдар, соның ішінде айта кетерлік 12 мақала импакт-фактормен болса, cоның біреуі АҚШ-тағы Флорида университетінің профессоры Кеннет Блюм және оның әріптестерімен «Journal of Genetic Syndromes and Gene Therapy» журналында жарияланды, импакт-факторы 5,89.2016 жылғы сәуір және қыркүйек айларындағы Краков қ. (Польша) және Берлин(Германия) қалаларында болған халықаралық студенттік конференцияда 38 елден 300-ден астам студенттер, соның ішінде АҚШ, Канада, Еуропа және Азия мемлекеттерінен қатысты. Қазақстан атынан баяндамаларымен С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың «Дарын»ғылыми үйірме құрамы жүлделі 3-орын мен сертификаттар иеленді.Ал ғылыми мақалалар профессор Мусаев А.Т. жетекшілігімен Халықаралық студенттік ғылыми конференция ( International medical student’s conference Cracow, Poland April 14-16th 2016, 27th European student’s conference Berlin, September 28th – October 1st 2016) жинағында жарияланды.
Осындай іс-шараларды өткізу студенттер мен жас ғалымдардың қызығушылығын ғана туындатып қоймай, оларды тәрбиелеуде үлкен рөл атқарып, отанға деген патриоттық сезімдерін оятады.