2025 жылғы 19 қыркүйекте жоспарлы жұмыс аясында деканат қызметкерлері келесі кафедраларға барды:
- Фармакология кафедрасы
- Сот медицинасы курсы бар патологиялық анатомия кафедрасы,
- Жалпы хирургия және топографиялық анатомия кафедрасы
- С.Р. Қарынбаев атындағы қалыпты анатомия кафедрасы
Сапар барысында кафедра меңгерушілерімен және профессорлық-оқытушылық құрамымен жұмыс кездесулері өтті. Кездесу барысында оқу үдерісін ұйымдастыру мен оның сапасына, сондай-ақ оқу жылының өзекті міндеттеріне қатысты мәселелер талқыланды.