2016 жылдың қараша айының 16-шы жұлдызында аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің химия және химиялық технология факультетінің физикалық химия, катализ және мұнайхимиясы кафедрасы мен Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Зерттеу Университетінің химиялық технология кафедрасы және С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университетінің биологиялық химия кафедрасының студенттері арасында «Chemfire» атты интеллектуалдық сайысы өтті. (Әль-Фараби атындағы ҚазҰУ, химия және химиялық технология факультетінің физикалық химия, катализ және мұнайхимиясы кафедрасы №420-шы аудитория). Сайыстың мақсаты: әр түрлі жоғары оқу орындары студенттері арасында достық қарым-қатынасты нығайту.
4 турдан тұратын сайысқа құрама алты команда қатысты: Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің xимиялық теxнология кафедрасының екі командасы «Мұнай» (команда капитаны — Шахманов Темірлан және «Политех» (команда капитаны — Неверова Кристина); С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің жалпы медицина факультеті, биологиялық xимия кафедрасының екі командасы — «ЭСКУЛАП» (команда капитаны – Мелдебек Нұрбол) және «КРИСТАЛЛ» (команда капитаны — Мауленов Жанболат); әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің xимия және xимиялық теxнология факультетінің екі командасы «Алмаз» (команда капитаны – Нұршәріп Арманбек) және «Эрудит» (команда капитаны – Арипбаева Арайлым).
Сайыстың жоспары бойынша 1) командалар өзін таныстыру 2) химиялық формула бойынша «Саяхат» ойыны 3) Химиялық элементтер бойынша пазлы құрастыру 4) капитандар арасында «Автокөлік» ойынан және көрермендер арасында «Қорапшаның артында не жасырулы?» атты ойындар жүргізілді.
Сайысты қорытындылай келе, физикалық химия, катализ және мұнайхимиясы кафедрасының меңгерушісі, профессор Е.А. Аубакиров барлық қатысушыларға белсене қатысқаны үшін алғыс айтты.