(KAZ) МҰРАЖАЙҒА БАРУ

Sorry, this entry is only available in KAZ and Russian.

«Жалпы медицина» мектебінің Мед24-015,016 топ студенттері тәлімгер Алмабаева Н.М. біріге отырып қаланың Орталық және М.Әуезовтың мұражайына барды.

Мұражай халықтың тарихын, салт-дәстүрін кеңінен насихаттайтын орын болып табылады. Орталық мұража   й қоры 300 мыңға жуық материалдық және рухани мәдениет құндылықтарынан тұрады. Қазақстанның ежелгі тарихынан бастап қазіргі кезге дейінгі тарихынан толық мәлімет беретін жеті экспозициялық зал жұмыс істейді.

Ал М.Әуезовтың мұражайы ұлы жазушының мұрасын жинақтап, насихаттау, шығармашылық өмір жолы мен қоғамдық қызметін, әдебиет саласындағы ізденістерін жан-жақты тану бағытындағы мұрағаттар мен деректермен таныстырады.   Әуезовтің жеке мұрағаты мен кітапханасымен қатар мұражай қорында мемориалдық заттар, өнер туындылары, фотосуреттер және т.б. түріндегі 150 мыңнан астам экспонаттар бар екен. Студенттер жақсы әсер алды және білім қоржыны құнды мәліметтер мен деректермен толықты.