08.04.2013 жылы Жалпы медицина факультетінің 3 курс қазақ бөлімінің студенттерінің ұйымдастыруымен «Поэзия падишасы – Фариза Оңғарсынова» атты қазақ халқының ақын қызы Фаризаның шығармашылығынан жастардың жанына жақын, жүрегінен орын тапқан, өзекті тақырыптар: махаббат, жастық шақ, ата-анаға арнап жазылған өлеңдері оқылды. Поэзия падишасы – Оңғарсынованың « Мен онымен қашан кездесемін» өлеңін Бодаева Ақбота, « Қыз махаббатын» Арынтай Таншолпан, «Бойжеткеннің сөзін» Колбаева Гүлмира, «Анама» туындысын Дауталиева Ақбала, Буркиталиев Абдисамат « Әкеме» шығармасын, «Тыңда мені жүрекпен» өлеңін Тастанова Ақерке, «Фаризаға арнауды» Біләл Ғазиз оқыды. Сонымен қатар, осы тақырыпқа арналған «Құралай» , «Жезкиік», «Мұңайма» , «Керім-ай» әндері шырқалды. Поэзиялық жыр төгу «Өз елім» әнімен аяқталды.