Фармакология кафедрасы

                                                   Кафедра штаты

2016 -2017 оқу жылында кафедра штаты 21,5 ставканы құрайды, соның ішінде:

1 – кафедра меңгерушісі (м.ғ.к., доцент),

1 профессор (м.ғ.д.),

6 доцент (5 – м.ғ.к., 1 – м.ғ.д.),

6 аға оқытушы (3 м.ғ.к.),

7,5 ставкасы – оқытушылар.

Кафедрада 2 ғылым докторы, 8 медицина ғылымының кандидаты жұмыс істейді, 3 қызметкер – магистратура аяқтаған. Қосалқы персонал 4 адамнан тұрады.

1

Кафедра тарихы

Фармакология кафедрасы 1932 жылы құрылған.   Университеттің іргелі, жетекші кафедраларының бірі болып келеді. Кафедраның бірінші меңгерушісі  профессор М.И.Клемпарский болған.

1960-1985 жж. кафедраны профессор Г.И. Самарина басқарған

2

Г.И. Самаринаның жетекшілігімен Химия ғылымдарының Институтымен  бірге жасалған зерттеулер нәтижесінде жергілікті анестетиктер – алмакаин мен рихлокаин ұсынылды.

1985 – 1989 жж аралығында кафедраны доцент Р.К.Утепбергенова басқарған

3

Осы кезеңдегі кафедра қызметкерлерінің жұмысы әдістемелік жұмысты жақсарту және тақырыптық мазмұнын жетілдіру,  дәрістер курсын,лабораториялық сабақтарды,  студенттердің өзіндік жұмыстарын  ұйымдастыруға, қазақ тілінде оқыта бастауға бағытталды.

1989-2015 жылдары кафедраны профессор Г.М.Пичхадзе басқарды.

4

Осы кезеңде кафедрада еңбек және шығармашылық үшін тиімді жағдай жасалды,еңбек тәртібі, ұжымның әр мүшесінің  жауапкершілігі және өзара түсіністігі жоғарылады,елеулі табысқа жетті ,ең алдымен оқу- әдістемелік және ғылыми жұмыстарда, оған дәлел мемлекеттік аттестация нәтижесі бойынша кафедра 20 жыл барысында ешқандай ескерту алмаған . Г.М.Пичхадзе жетекшілігімен ҚР жоғарғы медициналық оқу орындарының және медициналық ЖОО фармацевтикалық факультетінің студенттері үшін фармакологиядан алғашқы типтік бағдарлама дайындалып бекітілген.Сондай-ақ проф. Г.М. Пичхадзе  ҚР медициналық ЖОО барлық  дерлік  мамандықтары бойынша фармакологиядан типтік бағдарламаларының авторы/соавторы болып табылады .

Қазіргі уақытта фармакология кафедрасының меңгерушісі болып       Сатбаева Э.М. қызмет атқарады.

5

Фармакологиядан бір қатар тақырыптар бойынша барлық факультет студенттері үшін мемлекеттік тілде дәрістер курсын оқиды,екі тілде дайындықтың барлық деңгейлері: бакалавриат, магистратура,докторантурада тәжірибелік сабақтар жүргізеді.

Сатбаева Э.М. «Медико-профилактикалық іс» мамандығы бойынша 2 курс студенттері үшін, фармацевтикалық факультеті 3 курс студенттері үшін фармакологиядан типтік бағадарламасының, барлық дерлік факультеттердің   жұмыс бағдарламаларының және ПОӘК соавторы болып табылады. Клиникалық хаттамалар өндіру бойынша  денсаулық сақтауды дамыту Республикалық Орталығының сарапшысы, ҚР БҒМ фармакологиядан тесттік тапсырмалар  сарапшысы болып табылады. Оның 100-ге жуық ғылыми жұмысы жарияланған,соның ішінде импакт-факторы бар журналдарда. Кафедрада студенттерді оқытудың жаңа инновациялық әдістерін енгізудің бастамашысы.

Жарты ғасыр бойы кафедрада  еңбек еткен ардагерлер – доц. Аракелова В.В және доц. Каримова Р.Ф., соңғысы осы күнге дейін кафедрамен байланысын үзбей келеді және кафедра қызметкерлеріне кеңес көмегін көрсетеді  , өздерінің білімін  және бай тәжірибесін жас оқытушыларға  беруде.

Оқу жұмысы

Фармакологияны оқыту білім берудің барлық сатыларында келесі мамандықтар бойынша  жүргізіледі:

Бакалавриат:

  • Жалпы медицина (2 курс – «Фармакология -1», 3 курс – «Фармакология – 2»)
  • Стоматология (3 курс – «Фармакология»)
  • Мейірбике ісі (2 курс – «Фармакология негіздері»)
  • Медико-профилактикалық іс (2 курс – «Фармакология»)
  • Қоғамдық денсаулық сақтау (3 курс – электив «Фармакология»)

 «Мейірбике ісі», «Медико-профилактикалық іс» және «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандықтары  бойынша студенттер кредиттік технология бойынша оқиды. 2007 жылдан оқыту 3 тілде жүргізіледі: қазақ, орыс және ағылшын тілінде.

Магистратура:

– Медицина («Жаңа дәрілік заттарды клиникаға дейін және клиникалық зерттеу», «Қолайсыз жанама реакциялар  және дәрілік заттардың өзара әсерлесуі», «Формулярлық жүйе», «Фармакогенетика негіздері»)

– Фармация («Фармакологияның заманауи аспектілері»)

– Фармацевтиялық өндіріс технологиясы («Фармакологияның заманауи аспектілері», «Жаңа дәрілік заттарды клиникаға дейін зерттеу»).

                                                      Докторантура

– Медицина («Дәрілік заттарды қолданудың фармакологиялық заманауи аспектілері»)

– Фармация («Фармакология және оның фармакотерапиялық аспектілері», «Фармакоқадағалаудың заманауи аспектілері»)

Әдістемелік жұмыс

Кафедра қызметкерлері:

  • Студенттер үшін оқу-әдістемелік кешендер;
  • Көрнекі-демонстрацялық материал;
  • Бірнеше тақырып бойынша электрондық оқулықтар,бір қатары қазақ және ағылшын тілдерінде;
  • Білімнің бақылау-өлшеу құралдарын: ағымдағы,аралық және қорытынды бақылау үшін Аванесов В.С.әдістемесі және MCQ бойынша тест түрінде тапсырмалар.
  • Г.М.Пичхадзенің жалпы редакциялауымен Д.А. Харкевичтің «Фармакология» оқулығы қазақ тіліне аударылды.

6 7

  • «Фармакологиядан тәжірибелік сабақтарға жетекшілік: есептер жинағы»  және медициналық  колледждер үшін«Фармакология» оқу құралы қазақ және орыс тілдерінде басылып шығарылды.

     Оқытудың инновациялық әдістері енгізілді:

  • Мәселелік дәрістер оқу;
  • Тәжірибелік сабақтарды іскерлік ойындар, диспуттар,TBL және CBL әдістерін, интерактивті тақта қолданумен өткізу;
  • Мультимедиялық бағдарламалар құру;
  • 2 тілде (орыс және ағылшын) тест түрінде тапсырмалары бар квантталған мәтіндер;
  • Барлық оқу бөлмелері заманауи стендтермен жабдықталған;
  • Компьютерлік сынып жұмыс істейді.
  • Кафедра қызметкерлері көптеген әдістемелік нұсқаулар, оқу құралдарын және студенттер мен дәрігерлер үшін қазақ,орыс,ағылшын тілдерінде нұсқаулар жасаған;

8

  • Оқу үрдісіне және денсаулық сақтау тәжірибесіне меншікті және басқалардан алынған ұсыныстыр енгізген.
  • Кафедраның ОПҚ үнемі тренингтер, семинарлар, циклдар және түрлі деңгейдегі оқыту курстарында біліктілігін арттырады,онда тек оқытудың заманауи ұстанымдарын игеріп қоймай,сондай-ақ жаңа білім алуға көп көңіл бөледі.

Кафедраның ғылыми жұмысы

Кафедра негізін қалаушылар салған бай ғылыми дәстүрлерге ие.

Фармакология кафедрасы белсенді ғылыми-ізденіс жұмысын келесі бағыттар бойынша жүргізеді:

  • Жаңадан синтезделген қосылыстар арасынан тиімділігі жоғары және уыттылығы аз жаңа мембранатұрақтандырғыш заттар іздеу
  • Отандық өсімдік шикі затынан жасалған дәрілік қалыптардың фармакологиялық белсенділігі және қауіпсіздігін зерттеу.
  • ҚР амбулаторлық және клиникалық тәжірибеде қолданылатын дәрілік заттарды тиімді пайдалану мәселелері:

1) Жасқа байланысты аурулары бар науқастарда  дәрілік заттарды қолданудың клинико-фармакологиялық және фармакоэкономикалық бағалауы

2) Фармакоэпидемиология,полипрагмазия мәселелері

  • Нейродегенеративті аурулардың фармакотерапия мәселелері
  • ҚР популяциясында остеопороз және ревматоидті артриттің өзара байланысын зерттеу.

Кафедраның негізгі бағыты жергілікті-анестезиялық қасиеті бар жаңа қосылыстардың қасиеттерін зерттеу.2004 ж. уыттылығы төмен  белсенділігі жоғары анестетик  және антиаритмиялық зат  «Казкаин» үшін  профессор Г.М.Пичхадзе ғылым, техника және білім саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығына ие болды.Оның ашылу патенті Республикалық байқауда «Жыл өнертабысы» номинациясында жеңімпаз аталған.

Профессор  Г.М.Пичхадзеге Дүниежүзілік Биоізденіс Институтының  «GIBEX Fellow» құрметті атағы берілді.

Соңғы жылдары негізгі тақырып бойынша  кафедра қызметкерлері 4 кандидаттық  және 1 магистерлік диссертация қорғалды, 20-дан  астам  патент және патент алды алынған,сондай-ақ  7 инновациялық патент.

Кафедра қызметкерлері ҚР БҒМ және ДСМ гранттары бойынша ҒЗЖ орындауға белсенді қатысады,соңғы жылдары келесі жобалар табысты жүзеге асырылды:

  1. ҚР БҒМ гранты бойынша «Изучение комплексообразования циклодекстрина с бензойным эфиром методом ЯМР-спектроскопии» (РМКК Көкшетау мем.университетімен бірлесіп)
  2. «Мониторинг эффективности и результативности государственных инициатив по борьбе с туберкулезом». Фонд «СОРОС» ( «Аман-саулык» ҚҚ – Сорос-Казахстан қорымен бірлесіп)

3.«Создание фитопрепаратов на основе углекислотных экстрактов, полученных в сверхкритических условиях». ҚазҰМУ.

4.«Мониторинг и оценка прозрачности процесса закупок лек. средств в рамках бюджетных расходов системы здравоохранения РК». «СОРОС» қоры, ( «Аман-саулык» ҚҚ бірлесіп)

  1. «Повышение прозрачности системы гарантированного лек обеспечения и повышения доступности к лекарственным средствам для граждан РК». «СОРОС» қоры, ( «Аман-саулык» ҚҚ бірлесіп)
  2. «Получение новых штаммов бактерий, перспективных для создания препаратов с целью профилактики и лечения  дерматомикозов». ҚР БҒМ.
  3. «Разработка новых лекарственных средств на основе перспективных отечественных растений, применяемых в народной медицине, изучение их биологических и фармакологических свойств» (ДГП «Центральная лаборатория биоконтроля, сертификации и предклинических испытаний» РМК «ЦБИ» ҚР БҒМ МК)
  4. «Экспериментально-клиническое обоснование применения клеточной технологии и тканевой инженерии в челюстно-лицевой хирургии» (ҚазҰМУ)
  5. «Разработка модели (программы) антистарения в обеспечении активного долголетия лиц пожилого возраста Казахстана».

10.«Разработка нанокапсулированной формы эффективных противогрибковых средств с контролируемым высвобождением и пролонгированием действия»  «Технологиялық даму бойынша Ұлттық агенттгі » АҚ.

11.«Разработка инновационных технологий и новых методов аналитического контроля пестицидов в сельскохозяйственной продукции и пищевых продуктов для обеспечения продовольственной безопасности» «Тағамтану Академиясы» ЖШС бірлесіп.

12.«Научно-методологическое  обоснование    формирования и развития трансляционной медицины» . Жетекшісі: Каракушикова А.С.

13.«Разработка нанокапсулированной формы эффективных противогрибковых средств с контролируемым высвобождением и пролонгированием действия». «Технологиялық даму бойынша Ұлттық агенттгі » АҚ. Орындалу мерзімі

14.«Поиск новых высокоактивных и малотоксичных местно-анестезирующих средств среди вновь синтезированных производных пиперидина». Жоба жетекшісі– проф. Пичхадзе Г.М.Қаржыландыру көзі–ҚазҰМУ.

  1. «Паркинсонизм – клинико-эпидемиологические и иммунологические исследования с целью дальнейшей разработки эффективных фармакотерапевтических средств». ҚазҰМУ.
  2. «Омикс-исследование ревматоидного артрита и его связи с остеопорозом в Казахской популяции». ҚР БҒМ.

Ғылыми-зерттеу жобасын орындауға ҚазҰМУ магистранттары және студенттері қатысады.

 Ғылыми зерттеулердің нәтижелері түрлі ғылыми басылымдарда жарияланады , с.і. импакт-факторы бар рецензияланатын журналдарда, жаңа өнертабыстары жыл сайын ҚР инновациялық патенттер және патенттер түрінде рәсімделеді.

Фармакология кафедрасы көп рет түрлі ғылыми-тәжірибелік конференциялар, семинарлар ұйымдастырып өткізді.

2011 ж. ҚазҰМУ 80-жылдығына  кафедра екі ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырды:

1)«Антибиоторезистентность – формирование, предупреждение»

2)«Создание новых местноанестезирующих средств, достижение и перспективы»

Одан бөлек, келесі шаралар ұймдастырылды:

  • Фармакология кафедрасының 80жылдығына арналған Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция «Инновации в фармакологии – достижения и перспективы» (04.12.2012ж) визитинг-профессорлар қатысуымен: проф. Д.Сычев И.М. Сеченов атындағы Медициналық академия,клиникалық фармакология кафедрасы,Москва к., РФ; Э.Станкявичюс, Денсаулық туралы Ғылым Литва университетінің физиология және фармакология ҒЗИ проф., PhD, Каунас қ., Литва; доц. Е.Гринцов,Ұлттық фармацевтикалық университет,Харьков қ., Украина; проф. У.Тилекеева, И.К. Ахунбаев атындағы  Қырғыз мем. мед. академиясы, Бишкек қ., ҚырғызРеспубликасы.
  • Халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференция «Лекарственное обеспечение – состояние и перспективы». Алматы, 12 мамыр 2011ж. ( «Аман саулык» ҚҚ бірлесіп)
  • Семинар «Качество лекарственного обеспечения граждан республики Казахстан через общественный мониторинг». г.Алматы, қыркүйек 2010ж. ( «Аман саулык»ҚҚ бірлесіп)
  • Семинар «Организация рациональной фармакотерапии: реалии и перспективы», г. Алматы, қаңтар 2012 ж. («Аман саулык»ҚҚ бірлесіп)
  • «Мониторинг эффективности и результативности государственных инициатив по борьбе с туберкулезом» қоғамдық тыңдаулар. г.Алматы, сәуір 2012ж.( «Аман саулык»ҚҚ бірлесіп)

  • «Международная школа болезни Паркинсона, двигательных и поведенческих расстройств», Алматы, 2014 қ.
  • “Перспектива внедрения в образовательный процесс основ Казастанского Национального Лекарственного формуляра при подготовке врачей и фармацевтов в медицинских учебных заведениях” дөңгелек үстел, Алматы, 2 желтоқсан 2015
  • Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция “Клиническая фармация: международный опыт и особенности развития в здравоохранении РК”, Алматы, 4 желтоксан 2015жыл.
  • «Лекарственная флора Казахстана в народной и научной медицине», Фармация институтының 65 жылдығына арналған II Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция, 8 сәуір 2016 ж.
  • Секция «Конференция отдела медицины и биомедицины МАН РК», Алматы, 21 сәуір 2016 жыл.
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25жылдығына орай студенттер және жас ғалымдардың III Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы «НАУКА И МЕДИЦИНА: СОВРЕМЕННЫЙ ВЗГЛЯД МОЛОДЕЖИ», Алматы, 21 сәуір 2016 жыл, фармация және фармакология секциясы

Кафедра қызметкерлері жыл сайын республикалық және халықаралық     ғылыми конференцияларда баяндамалармен қатысады.

 

Соның ішінде:

  • XIII Халықаралық конгресс МООФИ «Справедливость, качество, экономичность». Москва, желтоқсан, 2010ж.
  • Сирек аурулар бойынша II Бүкілресейлік конференцияДорога жизни». Санкт-Петербург, сәуір 2011ж.
  • Ресей фармакологтарының «Инновации в современной фармакологии» IV съезді, Казань, қыркүйек 2012ж.
  • HTAI 8th Annual Meeting, Rio de Janeiro, маусым 2011ж.
  • Халықаралық конференция «Drug hypersensitiy Meeting». Берлин, сәуір 2012ж.
  • ISPOR 16th Annual European Congress, Dublin, Ireland, қараша
  • ISPOR 18th Annual International Meeting, New Orleans, USA. Мамыр 2013ж.
  • I Meeting of the Baltic physiological societies. Kaunas, Lithuania, 10-11 may, 2013.
  • Ұлттық конгресс «Клиническая фармация: 20 лет в Украине».Харьков қ. 2013
  • II Фармацевтикалық форумы РК. Алматы, мамыр 2011ж.
  • Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы «Медико-социальные аспекты активного долголетия». Алматы, 2012.
  • Бірінші халықаралық форум «Активное долголетие». Алматы, маусым 2013ж.
  • 4TH World congress of regional anaesthesia pain therapy, Сape Town. 25-Nov-2014.
  • Халықаралық ғылыми конференция «Образование и наука без границ», Przemysl (Poland). 7-15 желтоқсан, 2014.
  • Терапевттердің IX Ұлттық конгресі, Москва, 12-14 қараша 2014ж.
  • “Перспектива внедрения в образовательный процесс основ Казахстанского Национального Лекарственного формуляря при подготовке врачей и фармацевтов в медицинских учебных заведениях” дөңгелек үстелі, Алматы, ҚазҰМУ, 2 желтоқсан 2015
  • International Scientific and Practical Conference “WORLD SCIENCE”, Dubai, UAE, October 20-21, 2015
  • Семинар “Микробиологические аспекты решения проблемы рационального применения антибиотиков”, Алматы, НПЦСЭЭМ, 20 қараша 2015
  • ІІІ Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция «Интеграция фармацевтической науки, образования и практики на современном этапе» 4 желтоқсан 2014ж.
  • ҚазҰМУ 85 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция, Алматы, 4 желтоқсан 2015

Халықаралық қатынастар

Түрлі халықаралық конференцияларға белсенді қатысу кафедра қызметкерлерінің шетелдік әріптестерімен әрі қарай бірлескен жұмыс жүргізуіне мүмкіншілік береді.Оқыту бағдарламаларын жүргізу үшін,сондай-ақ ҚазҰМУ-де өткізілетін халықаралық конференцияларда қатысу үшін визитинг-профессорларды шақыру арқылы кафедра халықаралық байланысты дамытады.

Өз кезегінде профессор Пичхадзе Г.М.,көп рет шетелдік медициналық ЖОО-н фармакологияның өзекті сұрақтары бойынша  дәрістер және оқыту семинарларымен аралады.

Әлемдік деңгейдегі жетекші мамандар профессорлар Михайлевский А., Пинхасов А., Э.Станкявичюс және т.б. өзінің дәрістері және семинарларын өткізді.

2014 ж. кафедраға Лондон Университеттік Колледжінің проф. Йео К. (Ұлыбритания) «Молекулярные механизмы памяти и использование современных фармакологических средств для моделирования когнитивных функции мозжечка» оқыту бағдарламасымен, Калинкович А. Вейцман Ғылыми институтының(Израиль) профессоры «Стволовые клетки в современной медицине и фармакологии» бағдарламасымен,сондай-ақ проф.Лившиц Г. Тель-Авив университетінен (Израиль) «Популяционная генетика» бағдарламасымен келген.

Сондай-ақ  профессор Йео К.  2014 ж. ҚазҰМУ өткен «Международная школа болезни Паркинсона, двигательных и поведенческих расстройств» дөңгелек үстеліне қатысқан.

Шетелдік зерттеушілермен белсенді әріптестік нәтижесінде бірнеше ғылыми жоба дайындалды,атап айтқанда «Омикс-исследование ревматоидного артрита и его связи с остеопорозом в Казахской популяции» жобасы  2015ж .ҚР БҒМ-н қаржыландырылды .

Одан бөлек,  бірлескен зерттеулер нәтижесі импакт-факторы жоғары шетелдік басылымдарға жариялау үшін дайындалды.

 

ҚазҰМУ студенттер ғылыми қоғамы.

Кафедрада ғылыми студентік үйірме 2 тілде жұмыс істейді.Студенттер фармакология кафедрасының ғылыми-зерттеу жұмысына белсенді қатысады.

Үйірмеге қатысатын студенттер жыл сайын түрлі деңгейдегі ,соның ішінде халықаралық, ғылыми- студенттік конференцияларда жүлделі орындар алады.

Соңғы жылдары үйірме мүшелері ҚазҰМУ келесі ғылыми- студенттік конференцияларына қатысты:

  • Жас ғалымдар және студенттердің ғылыми-тәжірибелік конференциясы «Путь к фармацевтической науке- первые шаги» 28 наурыз 2013ж, Алматы қ.. II дәрежелі дипломмен Бекназарова К, Жумабекова К., Усипова Н, Пирматова Н. марапатталды.

  • Жас ғалымдар және студенттердің ғылыми конференциясы «Студенческая Наука- 2013» . III дәрежелі дипломмен Бекназарова Куралай, Вансивина Мадина марапатталды, Алматы 2013ж.

  • Жас ғалымдар және студенттердің ғылыми-тәжірибелік конференциясы «Путь к фармацевтической науке – ПЕРВЫЕ ШАГИ» – (Алматы, 2013) 2 және 3 дәрежелі дипломдар.
  • С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ 85 жылдығына арналған «Наука и Медицина: Современный взгляд молодежи» II Жас ғалымдар және студенттердің ғылыми-тәжірибелік конференциясы. 2 дәрежелі диплом. 23-24 сәуір 2015 жыл.
  • II Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция “Лекарственная флора Казахстана”. Алматы, 8 сәуір 3 дәрежелі диплом.

Көптеген үйірме студенттері халықаралық және республикалық ғылыми-студенттік конференцияларға қатысты:

  • Бірінші Ресейлік жас ғалымдардың ғылыми-тәжірибелік конференциясы «Проблемы разработки новых лекарственных средств», 3-5 маусым 2013ж – Москва қ., Ресей.
  • 67-і жас ғалымдар және студенттердің ғылыми-тәжірибелік конференциясы халықаралық қатысумен «Актуальные проблемы современной медицины -2013», 17-19 сәуір 2013ж- Минск, Беларусь Республикасы. 1 дәрежелі диплом.
  • XX Халықаралық жас ғалымдар және студенттердің ғылыми-тәжірибелік конференциясы«Актуальные вопросы разработки новых лекарственных препаратов» 25-26 сәуір 2013ж, Харьков қ., Украина.2 дәрежелі диплом.
  • Қазақстан Республикасының Кіші Ғылым Академиясының 4-і Халықаралық конференциясы «Молодежь в медицинской науке; тенденции и перспективы» I дәрежелі диплом. Алматы 2012ж.
  • Республикалық ғылыми-студенттік жұмыстар байқауы –Астана қ., 2013ж. 2 дәрежелі диплом.
  • IV Бүкілресейлік халықаралық қатысумен студенттер және аспиранттар ғылыми конференциясы «Молодая фармация – потенциал будущего» (г.Санкт-Петербург қ., 2014) – 3 дәрежелі диплом.
  • Х международная (ХIХ Всероссийская) Пироговская научная медицинская конференция студентов и молодых ученых, 19 марта 2015 год. Москва, РФ
  • 72-ші халықаралық қатысумен Қиыршығыс мемлекеттік медициналық университетінің жас ғалымдар және студенттер қорытынды ғылыми конференциясы (Хабаровск қ., 20-24 сәуір 2015). 3 дәрежелі диплом.
  • ҚазҰМУ 85-жылдығына, профессор С. К.Кайшибаевтың 80 -жылдығына арналған «Актуальные проблемы неврологии» ғылыми-тәжірибелік конференция, II дәрежелі диплом 28 – 29 мамыр 2015, г.Алматы ҚР
  • International Scientific and Practical Conference “WORLD SCIENCE”. Dubai, UAE, October 20
  • Ш Халықаралық Фараби оқулары. Алматы,11-14 сәүір, 2016. I дәрежелі диплом.

Студенттердің ғылыми ізденістерінің ңәтижелері жыл сайын түрлі ғылыми басылымдарда жарияланады.

Фармакологиядан ғылыми-студенттік үйірмесі 2012-2013 оқу жылында  ҚазҰМУ ғылыми-студенттік үйірмелері арасында үздік деп танылған.

      ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ

Кафедрада тәрбие жұмысына көп көңіл қойылады.  Кафедраның оқытушылары  көп жылдар бойы  фармацевтика факультетінің студенттеріне тьютор болып келді, ал осы жылдан бастап «Жалпы медицина» факультетінің 1 және 2 курс студенттеріне тәлімгерлер. Тәлімгерлер үнемі студенттердің сабақ үлгерімдерін қадағалап, оларды қызықтыратын сұрақтарды талдап  тәлімгерлік сағаттар, тероризмнің алдын алу, патриоттық тақырыптарына әңгімелерді өткізіп отырады. Студенттермен бірге театрға, мұражайларға, концерттерге барып мәдени тәрбие беруге көп көңіл қояды.  . Кафедра қызметкерлері студенттердің жатаханаларында кезекшілік атқарады, сонымен қатар студенттер Университет, жалпықалалық деңгейде өткізілетін іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатысады. Тәлімгерлік топ студенттері хосписке, ардагерлер үйіне, жетім балаларға материалды көмек көрсету мақсатында қайырымдылық шараларын үнемі өткізіліп отырады. Сонымен қатар, кафедра ардагерлері көңілден тыс қалмайды: яғни мерекелік шараларға, кездесуге  үнемі шақырылып отырады. Кафедра қызметкерлері студенттермен ардагерлердің үйлеріне барып көмек көрсетеді. Елімізден көш-қоңын ауыстырған оқытушылармен, ғылыми үйірмеге қатысушылармен және университет түлектерімен  қарым-қатынасты  үзбейді.

Ұйымдастыру жұмысы

Кафедра қызметкерлері үнемі халықаралық және республикалық деңгейдегі ғылыми конференцияларды ұймдастыруға қатысады,сондай-ақ республикалық денгейде дәрігерлерге формулярлық жүйе  және дәрілік қамтамасыз ету мәселелері бойынша оқыту семинарларын,медициналық және фармацевтикалық қызметкерлер үшін шеберлік кластарын өткізеді.Жыл сайын ҚР Кіші ғылым Академиясының жұмысына қатысады, жылда өткізілетін конференцияларда  жюри мүшелері болады.

ОПҚ ҚР денсаулық сақтау Министірлігінің, университеттің комиссиялар және  жұмыс топтарының  құрамына кіреді.Олардың бір қатары Клиникалық хаттамалар өндіру бойынша  денсаулық сақтауды дамыту Республикалық Орталығының сарапшылары , ҚР БҒМ фармакологиядан тесттік тапсырмалар  сарапшылары болып табылады.