«Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу» кеші

Ежелден-ақ адам баласы ұлы махаббат сезімін ерекше қадірлеп, қастерлеп келген. Соның әсері болса керек, әр халық осы сезімді құрметтеп, бағалануын тілеп, түрлі күндерді ойлап тапқан.

Махаббат – дүйім дүниенің ең асыл, жалпақ жалғанның ең кіршіксіз сезімі болса, ұлы сезімнің шырқау шыңына көтерілген сезімге адал, сертке берік Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу шынайы махаббаттың символы іспетті. Қос ғашықтың махаббаттарын ұғынып, осы екі жүрек иелерінің атына күн белгілеп, махаббатты дәріптеуді ұсынды. Мереке 1999 жылдан бері атап өтіліп келе жатса да, күшіне енді ғана еніп, жастарды қызықтырып, бір ойдың, бір идеяның астында жинап отыр. Олай болса, бұл мереке ғашықтардың тағатсыздана күтетін мерекесіне айналып, 15 сәуір – Ғашықтар күні болып аталып кетті.

Осы айтулы мерекеге орай 2013 жылы 15 сәуір күні №1 жатақханамыздың әсемдеп, көркейтілген оқу залында мәдениет секторларымен студенттер кеңесі «Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу» кешін өткізген болатын. Мерекелік шара ақын Мұқағали Мақатаевтың махаббатқа арналған жыр – әндерімен басталып, жатақханамыздың студенттер кеңесінің төрайымы Жумагулова Фаузия, мәдениет секторлары Кішібекова Мөлдір мен Өмірбекова Жәния кештің ашылуы барысында жастарымызға өз тілектерін жолдады. Ал бірінші бөлімде ғашықтар күнінің тарихына шолу жасалып, екінші бөлімі  « Қазақ даласындағы махаббат мекені»деп аталды. Яғни бұл бөлімде қазақ жеріндегі сұлу Алматы қаласындағы ғашықтардың махаббат ордасына айналған мекендерді жастарымызға толығырақ таныстырып өткізді. Айтып өтетін болсақ, Фурманов пен Гоголя қиылысында орналасқан «Махаббат бағдаршамы», Чайковский көшесінің бойында жүрек пішінді «Махаббат тасы», бұл таста «Әлемнің барлық ғашық жандарына» деп қашалған жазу жазылған, сонымен қатар Фурманов көшесінің бойындағы «Махаббат ағашы» және Алматы қаласының ескі алаңында «Махаббат көпірі» орналасқан т.б. Ал үшінші бөлімде жатақханамыздың студенттері арасында көңілді де, қызықты ойындар өткізіліп, бірнеше кезеңдерге бөлінді. Ойын барысында студенттер белсенділік көрсетіп, өз өнерлерінде ортаға салып, жеңімпаз студент – жұптарымыз сыйлықтармен марапатталды. Ал бас жүлдені жеңген жұптарымызға романтикаға толы кешкі ас ұсынылды. Кеш өте тартымды да, әсерлі, көңілді өтті.

 

 №1жатақхана мәдениет секторы жалпы медицина факультеті 2 курс студенті Кішібекова Мөлдір.