03.10.2014жЖМ11-004, ЖМ11-001 топ студенттері «Біз салауатты өмір салтын таңдаймыз» тақырыбына «флешмоб» ұйымдастырды. Бұл шара №1 қалалық клиникалық ауруханада өткізілді.
Шараның мақсаты: студенттер мен науқастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.
Шараның бағдарламасы:
- Аурухана медициналық қызметкерлері, науқастар және ҚазҰМУ 4 курс студенттерінің қатысуымен спорттық би ұйымдастыру.Ұзақтығы 15 минут.
- «Біз денсаулықты таңдаймыз, бізге қосыл!» ұраны жазылған шарлар ұшырып, Қазақстан азаматтарына ұран тастау.
Кураторлар: Баймуханбетова Н., Омарова Х.Н.
№1 ішкі аурулар кафедрасы