Визуалды диагностика кафедрасы

«Визуалды диагностика» кафедрасы

 

1Алғаш рет рентгенология және радиология кафедрасы 1953 жылы академик, медицина ғылымының докторы, профессор, Қазахстан рентген-радиологиясының ғылымын қалаушы, онкология саласының дамуына қосқан үлесі зор, отандық және дүниежүзілік радиологияның мақтанышы Сайым Балуанұлы Балмұхановтың  ұйымдастыруымен құрылды. Кафедра мамандары студенттерді оқытумен қатар фундаментальды ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізді: кәсіптік патологияны сәулелік тәсілдермен зерттеу (силикоз, кониоз), жүрек-қантамыр және жүйке жүйелеріне иондаушы сәулелердің әсер ету механизмін анықтау. Кафедрада белсенді оқытушылар, жоғары білікті мамандар қызмет етті: Ешев З.Е., Әбішев Х.А., Өсеров К.С., Рахимжанова Р.И., Садықов С.С., Тажибаева С.Д., Крючков А.Т.

1962 жылдан 1985 жылға дейін рентгенология мен радиология кафедрасын профессор Серғазин А.Ғ. басқарды. Оның жетекшілігімен Бренер Д.М., Өсеров К.С., Әбішев Х.А., Крючков А.Т, Казымбетов П.К. ғылыми диссертациялар қорғады.

1986 жылдан 1988 жылға дейін онкология кафедрасы мен рентгенология жене радиология кафедрасы біріктіріліп меңгерушісі болып медицина ғылымының докторы, профессор Әбисатов Х.Ә. тағайындалды.

1989 жылдан 2000 жылға дейін кафедраны академик С.Б.Балмұхановтың шәкірті, ҚР ҰҒА мүшесі Әбдірахманов Ж.Н. басқарды.

2001 жылы онкология кафедрасы сәулелік диагностика және сәулелік  терапия кафедрасымен қайта қосылып, кафедра меңгерушісі болып медицина ғылымының докторы, профессор Арзықұлов Ж.Ә. тағайындалды.

2007 жылы сәулелік диагностика пәні онкология кафедрасынан бөлініп өз алдына «Визуалды диагностика» кафедрасы болып құрылып, кафедра меңгерушісі болып медицина ғылымының докторы, профессор Хамзин Ә.Х. тағайындалды. Ә.Х. Хамзиннің басшылығымен кафедрада медицина ғылымының докторы Төлеутаева З.К., медицина ғылымының кандидаты   Жакенова Д.К., ассистенттер Нұрымбетов К.М., Далибаева К.К., Далиева Г.А., Мусаев Н.Г.,  Бурхан Н. қызмет етті.

2013 жылы клиника, ғылым және оқу процесін интеграциялау мақсатында Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының сәулелік диагностика бөлімінің меңгерушісі медицина ғылымының докторы, профессор Жолдыбай Ж.Ж. визуалды диагностика кафедрасының меңгерушісі болып тағайындалды.

Кафедрада сәулелік диагностика (рентгенология, компьютерлік томография, магнитті-резонансты томография, ультрадыбыстық зерттеу, радионуклидті диагностика) пәні бойынша бакалавриатта, интернатурада және резидентурада білім беріледі.

Кафедраның қызметкерлері оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбие және клиникалық жұмыстар атқарады, халықаралық мастер класстар мен конференциялар өткізеді.

Кафедра ұжымы: медицина ғылымының кандидаты, доцент Жакенова Д.К., ассистенттер Нұрымбетов К.М., Далиева Г.А., Мусаев Н.Г., Бурхан Н., Ахметбаева А.Б., Қасымбекова Г.Д. Кафедраның оқу ісі бойынша меңгерушісі Аманкулова Ж.Б.

Кафедраның ұйымшыл қызметкерлері С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ стратегиялық жоспарын орындау жолында аянбай еңбек етуде.

 2

«Визуалды диагностика» кафедрасының ұжымынан