Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті күні мерекесіне байланысты С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ – де Жалпы медицина факультеті мен фармакология кафедрасының оқытушылары ұйымдастыруымен 29 қарашада іс-шара жүргізілді.
1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш рет Қазақ ССР Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтіп, ол сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел Президенті болып сайланғаны баршамызға мәлім. Яғни, өз тағдырын өзі айқындауға алғашқы қадам жасаған Қазақстан үшін 1 желтоқсан – мемлекеттілік тарихының мерейлі күні саналуға орны лайықты.
Жоғары Парламенттің бекітуімен 2012 жылы 1 желтоқсан Қазақстанда алғаш рет – Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке ретінде аталып өтіп, бұл баршамыз үшін қуанышты оқиға болды. Елбасына деген ел құрметін айрықша айғақтауға арналған бұл мерекенің дәстүрлік іс – шараға айналды.
Елбасымыз туралы презентацияны үш тілде таныстырған студенттеріміз Сатылканова Мадинаға, Саргелек Назираға, Файзуллина Жазираға ағылшын тілінде жарық көрген фармакология кафедрасының кітаптарын сыйға тартты.