Емтихандық сессия барысында 2016 жылдың 4-12 ақпан аралығында «Жалпы медицина» факультетінің 3 курс студенттері (ОЖЖ-1) емтиханның II кезеңін тапсыру үстінде. Аттестация өткен жылдағыдай тәжірибелік дағдыларды қабылдау пәнаралық біріктірілген емтихан ОҚКЕ технологиясы бойынша өткізілуде. Емтихан 3 блоктан тұрады:
- Морфологиялық блок
– қалыпты анатомия – макропрепаратты сипаттау
– гистология – микропрепаратты сипаттау
– патологиялық анатомия – макропрепарат / микропрепаратты сипаттау
2.Патология
-қалыпты физиология – а) спирометрия б)сіңірлік рефлекстерді анықтау в)АҚ өлшеу в) ЭКГ-ны тіркеу әдісі г)қан тобын және резус факторын анықтау
– патологиялық физиология – анализдерге талдау жасау (ҚЖА, ЗЖА, б/х зерттеулер, қақырықтың жалпы анализі, плевралық пунктат)
– пульсты анықтау
3.Клиникалық блок
– визуальды диагностика – жүйелер мен мүшелер бойынша аспаптық зерттеу нәтижелерін талдау (рентгенологиялық, ультрадыбыстық)
– фармакология – рецепт жазу және дәрілік заттың әсер ету механизмін сипаттау
– ішкі аурулар пропедевтикасы – а) өкпе аускультациясы б) жүрек аускультациясы в) бауырдың өлшемдерін анықтау