Молекулалық биология және генетика кафедрасы факультет («Жалпы медицина»)
деңгейінде салауатты өмір салтын дәріптеуде 1-2 курс студенттері арасында «Есірткі, темекі, алкоголь – жан мен тәннің уы» атты тақырыпта іс-шарасын өткізді.
Іс-шараның мақсаты: “Бірінші байлық – денсаулық” “Қазақстан – 2030” бағдарламасында көрсетілгендей,өркениетті елдің әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал-ахуалы жақсы болу үшін зиянды әдеттерден – ішімдік,нашақорлық,шылым шегушіліктің денсаулыққа,болашақ ұрпаққа жау екендігін түсіндіре отырып, спортпен белсене шұғылдануына ықпал ету. Салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Кафедра оқу ісінің меңгерушісі, доц. С.Қ. Альмухамбетова : ішімдік, нашақорлық – адамның жауы. Бұл жолдан аулақ жүру керек. Басты байлық денсаулық – сонымен қатар бұл зиянды әдеттерді генетика пәнімен ұштастыра отырып, дамудың туа біткен ақаулықтарына әкелетінін айтты. Бұл зиянды әдеттер қазақ халқына жат екеніне тоқталып , жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
Тақырыпқа сай студенттер аудиторияны безендендірді, мәліметтерді презентациямен ұштастырды , композитор А.Қоразбаевтың «Қара пима» туындысынан көрініс көрсетті, бейне таспалар арқылы қорытынды жасалынды.