Дүниеге келген әрбір сәби жетім болу үшін не тастанды бала атану үшін өмірге келмейді. Бірақ, тасбауыр “көкет аналар” балаларын аяусыз тастауда. Жалпы Қазақстан Республикасы бойынша 2014 жылғы мәліметтер бойынша жетім балаларға және ата-ананың қарауынсыз қалған баларға арналған 188 балалар үйі жұмыс жасайды. Бірақ, осыған қарамастан, баласынан безген аналар сәбиін жылатып, еліміздің әрбір бұрыш-бұрышына, одан қалса дәретханаға тастап жатқанын естіп, жүрегіміз қақ айырылады… Әрбір сәби ата-анасының жылуын сезінуге құқығы бар емес пе? Адам өмірге келген сәттен бастап, тағдыр тәлкегіне түсіп, санқилы қиыншылықтан өтеді. Не дегенімен ата-анадан айырылу- дертсіз ауру секілді. Осы ауруға дұшар болған бейкүнә сәбилеріміздің саны артуда. Ауруын жазу үшін нешетүрлі сәби көре алмайтын отбасылар баларды асырап алып, барынша мейірімін көрсетуде.
“ Жетім көрсең, жебей жүр”- деп дана бабаларымыз жетім – жесірін жылатпаған. Осы мақсатпен қалыпты физиология кафедрасының мұғалімі, тьютер Абдиева Нұргул апайдың бастауымен, Наурыздың 3-ші жұлдызында 8 топ және басқа да топ еріктілері ұйымдасып, №1 балалар үйіне жол тарттық. Біз жетімдер үйіндегі 17 қыз баламен Жандосов көшесінде орналасқан “Almaty mall” сауда кешеніне бет алдық. Біздің мақсатымыз 1 күндік болсада балалардың көңіліне қуаныш сыйлау болатын. Сауда кешенінде балалармен ролик тептік, конструктор құрадық, батутта секірдік, тамақтандық. Күніміз өте қызықты өтті. Балаларға аналары сыйлайтын мейрімді, мәңгіге қуаныш сыйламасақта сәбидің күлкісін естідік. Қандай ғажайып әуен десеіңізші!!! Құлағымызға сәбидің қуанған, күлген даусы естілді… Бізде қуандық. Сәбилеріміз жыламаса екен деген іштей тілек болды. “Бала –бағым, бала- болашағым ”- дейді қазақ. Сондықтан да періштедей бейкүнә сәбилерімізге қамқорлық көрсетіп, махаббатымызға шомылдырудан шаршамайық! Жетімдерімізді жылатпайық ағайын!