2016 жылдың 17 қарашасында «Клиникалық фармакология бойынша ClinicalKey электрондық ақпараттық бағдарламаның тәжірибелік енгізілуі» тақырыбына арналған үйрету семинары өтті.
Ұйымдастырушылар: Elsevier баспа үйі, Corsum, EBN healt, фармакология кафедрасы.
Семинарға фармакология кафедрасы, клиникалық фармакология, педиатрия, фармакцевтика факультеті қызметкерлері және медицина мамандығының 1 курс докторанттары қатысты. Семинарда әртүрлі медициналық зерттеулерде ClinicalKey мәліметтер базасын қолдану мүмкіндігі туралы жалпы ақпарат берілді. Әсіресе дәрілік заттардың жанама әсерлері, мөлшері, әсерлесуі туралы толық ақпаратты қамтыған клиникалық фармакология сұрақтарына арналған бөлім үлкен қызығушылық танытты. Семинардың екінші бөлімі тәжірибелік сабақтарға арналды. Қатысушылар ClinicalKey сайтына өздері қосылуға және осы мәліметтер базасын қолданып, өз тақырыбы бойынша ақпарат іздестіруге мүмкіндік алды.
Семинардың қорытынды бөлімінде қатысушылар өз жұмыстарының нәтижелерін көрсетті және бұл электрондық қордың жұмысын ары қарай жетілдіру бойынша ұсыныс пікірлерін айтты, сондай-ақ бұл платформаға кіру мүмкіндігіне сенім білдірді.