«Денсаулық 2016-2020» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Нутрициология кафедрасының ұйымдастыруымен және «Жалпы медицина» факультетінің 2 курс студенттерінің қатысуымен, «Салауатты тамақтану-ұлт саулығының негізі» атты пәндік олимпиада өткізілді.
Бұл білім сайысының мақсаты салауатты тамақтануды насихаттай отырып, топпен жұмыс істеуде жауапкершілікке үйретіп, тәжірибелік дағдыларын шыңдау, командалық рух және ұйытқы бола білу қабілеттерін қалыптастыруға мүмкіндік беріп, тәжірибелік және коммуникативтік дағдыларын жетілдіру. Сайыс – ұраны, жарнама, көрініс, шебер-класс, дегустация сияқты кезеңдерден тұрды. Сайыс шарттары медициналық оқу орны студенттерінің тұлғасы мен студенттердің бойына бес құзыретті меңгеруі, дағдыларды игеруін шыңдау бойынша құрастырылған.
Осындай шаралардың жоғары деңгейде ұйымдастырылуын, студенттердің нутрициология кафедрасынан алған білімдерін шыңдауда көрсеткен шығармашылығы мен өнерлеріне риза болған әділқазылар мен көрермендер ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдіріп, осындай шаралардың студенттер үшін университет көлемінде жиі ұйымдастырылып, дәстүрге айналуына тілектерін білдірді.