(RU) «ТӘУЕЛСІЗДІК ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМІЗ»

Sorry, this entry is only available in Russian.

09.12.2021 ж. Биофизика курсының оқытушылары доцент Байдуллаева Г.Е., лектор Алмабаева Н.М., лектор Абдрасилова В.О. басшылығымен «Жалпы медицина» мамандығының ЖМ21-013 және ЖМ21-014 топ студенттері Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» тақырыбында онлайн форматта ашық кураторлық сағатын өткізді.
1986 жылдың 16-17 желтоқсанындағы орын алған қанды оқиғаның себептері мен салдары туралы мәселелер талқыланды. Тәуелсіздік жолында құрбан болған жастар Т.Тәшенов, К.Күзембаев Е.Сыпатаев, С.Мұхаметжанова, К.Молданазарова, Қ.Рысқұлбеков, М.Әбдіқұлов, Л.Асановалардың ерлігі еске алынды. Студенттер осы тақырыпта өлеңдер оқыды. Тәуелсіздігіміздің нәтижелері туралы слайдтар көрсетілді.