(KAZ) Тәуелсіздік тұғыры

Sorry, this entry is only available in KAZ and Russian.

№5 Қалалық  перзентханасы және №2  Акушерия және гинекология кафедра меңгерушісі : Исенова Сауле Шайкеновнаның басқаруымен,ұстаздар және студенттердің қатысуымен «Тәуелсіздік тұғыры » атты іс шара  өткізілді.

Желтоқсаным тәуелсіздік тірегі.
Желтоқсанды қадір тұтып тұр елі.
Есте сақтап ағалардың ерлігін.
Жүректерге сақтау керек үнемі.

Желтоқсанның желі,аязы,ызғары.
Қанды мұзда талай қазақ сыздады.
Ұлт қамы үшін шыққан сол күн алаңға.
Азап шекті қайсар қыздары.

«…Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты оқиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгерді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді. Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін.»

                                                                                                   Н.Назарбаев

№5 Қалалық  перзентханасының бас дәрігері  Бодыков Ғани Жандиярович  №2 Акушерия және гинекология кафедрасының меңгерушісі,медицина ғылымдарының докторы Исенова Сауле Шайкеновнаға «Алтын Дәрігер» төс алқасы,доцент Бищекова Балзира Нағашыбай қызына «Алғыс хат» ұсынылды.

Еліңнің ұлы болсаң,
еліңе жаның ашыса,
азаматтық намысың болса,
қазақтың ұлттық
жалғыз мемлекетінің
нығайып-көркеюі жолында
жан теріңді  сығып
жүріп еңбек ет.

Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан,

Тарихы оның тым ертеден басталған.

Бостандықтан құтқарам деп елімді,

 Талай боздақ қара жерді жастанған.