2016 ж 24 қазанында Алматы Энергетика және Байланыс Университетінің оқу залында Халықаралық инсультпен қарсы күрес күніне арналған «Инсульт – қауіпті мәселе, бірақ оны алдын алуға болады » атты студенттік конференциясы өткізілді. Студенттік конференциясының ұйымдастырушысы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің неврология және нейрохирургия кафедрасы.
Іс-шараны 5 курстың жалпы медицина факультетінің студенттері, профессор, д.м. н. Туруспекова С. Т. жетекшілікпен ,өз құрдастары – Алматы Энергетика жане байланыс университетінің студенттеріне баяндады.
12066/1 топтың студенттері Альжанова Жанар, Ахмет Дияр, Идрисова Малика , Курарова Камила, Махсатова Мухаббат ,Оспанова Гаухар, Тен Игорь студенттерге инсульттің маңыздылығын, клиникалық сарапатамаларың ,алдын алу шаралары туралы айтып, статистикалық мәліметтермен таныстырды.Бейнематериалдар көрсетілді.Болашақ дәрігерлер құрдастарына инсульттің бірінші белгілері, уақытты немесе адам өмірін сақтау үшін не істеу керек және бірінші жедел жәрдемді қалай жасау керек екендігін көрсетті.Кездесу викторинамен аяқталды, жеңімпаздар есте қалатын сыйлықтармен марапатталды. Іс – шара TEVA және Woerwag pharma демеушісімен өткізілді.