2017 жылдың 21 ақпан күні ҚазҰМУ-дың Даңқ Залында Этикалық кеңес пен Молекулалық биология және генетика кафедрасының ұйымдастыруымен «Ғылымдағы ашылған жаңалық – әлемдік бақыт» атты тақырыпта конференция өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: Студенттердің тұлға ретінде қалыптасуындағы ғылымның маңызын түсіндіру, Физиология және медицина саласындағы Нобель сыйлығы лауреаттарының жеткен жетістіктерін насихаттау және студенттерді ғылыми жұмыстарға қызықтыру.
Конференцияда Этикалық кеңес төрайымы, ректор кеңесшісі, профессор Ж.Г.Мустафина «Радиация. Экология. Генетика» тақырыбындағы мәселелерді қозғады және молекулалық биология және генетика кафедрасының меңгерушісі, профессор Е.У. Куандыков «Генетика және денсаулық» тақырыбындағы баяндамасында генетиканың медицинадағы маңызына және оны білудің болашақ дәрігелерге қажеттілігіне тоқталды.
Конференция кезінде кітапхана ұжымы осы тақырыпта кітап көрмесін ұйымдастырды.
«Жалпы медицина» факультетінің студенттері келесі тақырыптарда баяндама жасады:
1) «Нобель сыйлығымен марапаттаудың тарихы» – А. Зекенова (16-002-2 топ, жетекшісі: Г.Т.Танеева),
2) «Лауреаты Нобелевской премии в области физиологии и медицины» –
М. Сулейменова (16-027-1 топ, жетекшісі: С.К.Альмухамбетова),
3) «Аутофагия» – Ж. Бекмамбетов (16-035-1топ, жетекшісі: Альмухамбетова С.К.).
Конференцияға «Жалпы медицина» факультетінің деканат, тәрбие бөлімінің өкілдері, молекулалық биология және генетика кафедрасының оқытушылары және барлық мамандық студенттері.