Кешегі Әлеуметтік-тәрбие Басқармасы, Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен өткен «Қазақстан 2020: болашаққа жол»: атты “Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы“ талқылауы жастарды елін сүюге, қастерлеуге өз отанына адал болуға тәрбелейді.
Дебат 21 қараша 2013 жылы № 1 жатахананың оқу залында өтті, бұл дебатты жүргізушілер: Әсембек С.Б – Әлеметтік тәрбие Басқармасының бас маманы. Дюсенова Н.К Қазақстан тарихы және әлеуметтік – гуманитарлық пәндер кафедрасының оқу ісінің меңгерушісі.
Сөз алған студенттер мен қатысушылар «Казақстан 2030», «Казақстан 2050», ХХІ ғасырдың жаhандық он сын-қатер, қалыптасқан мемлекеттік саяси бағыты, ана тілі мәселесі, жастар ортасындағы моральдық-рухани бағыт-бағдарларын, жастардың құндылықтарын т.с.с. көптеген мәселелер қарастырылып талқылады.
Әр бір қатысушы студент өз пікірін сұрақ-жауап қою арқылы білдірді. Жастар бойында патриоттық от жалындап тұрды. Болашақ жастардың қолында, сондықтанда бүгінгі жастар өз ана тілін құрметтеу және еліне адал болу сынды ұлттық құндылықты қадірлей білу керек.
Ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіріп, осындай іс-шаралар жиі өткізіліп тұрса деген ұсынысымыз бар.
Жалпы медицина, фармация, ҚДС 1 курс студенттері