Жалпы медицина факультетінің 5 курс 035-1 топ студенттері үш тілді жетік меңгеру мақсатында Жедел медициналық жәрдем беру кафедрасында м.ғ.д, профессор Мусаев А.Т жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысын 3 тілде тапсыруды ұйғардық. Қорғайтын тақырыптарымыз «Гипертензиялық криз», «Бронхоспазм», «Дәрілік аллергия» және тағы да басқа тақырыптарға байланысты болды. Дайындық барысында біз көп нәрсені түсініп, жақсылап іздендік. Бұл жұмыстарымызды тобымызбен талдауда, кафедра меңгерушісі, м.ғ.д, профессор Турланов К.М-ның, кафедра ассистенті Ердаш Б.Б және Маденов Н.Н. 35-2, 39-1 топ студенттердің қатысуымен қорғап шықтық.
Қорғаған студенттер: Кенжеғұлова Арайлым, Рәматова Ақнұр, Рысбаева Айшолпан, Транова Лаура, Уалиева Сая, Утегенова Салтанат, Утепова Гүлбану.
Бұл студенттің өзіндік жұмысының ерекшелігі, әрбір студент өз тақырыбын қазақ, орыс, ағылшын тілінде жеке-жеке қорғап шықты.
Алдағы уақытта тобымызбен бұдан да ауқымды, кең көлемдегі іс-шаралар өткіземіз деп ойлаймыз. Себебі, біз Ректор А.А.Акановтың 3 тілді жетік меңгеру жайлы ұсынысын қолдаймыз!