«Қайырымдылық марафоны» – Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында
С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «Жалпы медицина» факультеті студенттік деканаты және еріктілер тобынан тұратын «Мейірімді жүрек» ұйымы бірлесе отырып, ұйымдастырылған «Қайырымдылық марафоны» қараша айының 20.11.2015 – 26.11.2015 аралығында бір апта уақыт жүргізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты: ҚазҰМУ студенттеріне университет бағыттарыныңбірі гуманизмді насихаттау, қамқорлық жасауға жетелеу, мейірімділікке тәрбиелеу.
2015 жылдың 26 қарашасында өз мәресіне жеткен «Қайырымдылық марафонына» барлық студенттер белсене атсалысып, көмектерін көрсетіп жатты.
Іс-шараның соңғы қорытынды күнінде, студенттер «Қайырымдылық марафоны» нәтижесінде жиналған көмек заттарын Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының балалар бөліміндегі балаларғаойыншық, кітаптар, дәрі-дәрмектер табыстап, кішігірім ойын-сауық бағдарламасынөткізді. Балаларға арнайы дастархан жайылды.
Іс-шараға белсенділік көрсеткен барша студенттерге алғысымыз шексіз.
Әр баланың күлімдеуі біз үшін үлкен жеңіс!!!
«Жалпы медицина» факультеті Студенттік Деканаты
«Мейірімді жүрек» еріктілер ұйымы