Қалыпты анатомия кафедрасы 1930 жылы құрылды. Оның алғашқы меңгерушісі болып м.ғ.к., профессор, республикаға еңбек сіңірген дәрігері Исаев Петр Осипович тағайындалды. Әр жылдары кафедраны басқарды: м.ғ.к., профессор, республикаға еңбек сіңірген дәрігер Бөкейханов Хазихан Наушерванович (1962-1966ж ), екі мәрте денсаулық министрі профессор Қарынбаев Сигибатулла Рыскалиевич (1966-1976ж ). Сабақтың кәсіптік деңгейін көтеру мақсатымен 1976 жылы көлемді қалыпты анатомия кафедрасы екіге бөлінді. Педиатрия факультеті кафедрасын профессор Қарынбаев С.Р. (1976-1983ж ) профессор Мусагалиева Г.М. (1983-1999ж ), профессор Нурмуханбетова Б.Н. (2001-2007ж) басқарды.
Емдеу және стоматология кафедрасын басқарғандар: ҚР ҰҒА-ның мүше-корреспонденті, профессор Рақышев А.Р.(1976-2003ж ), м.ғ.д., профессор Жаныбеков Д.Е. (2003-2007ж ) м.ғ.д., профессор Досаев Т.М. (2007-2008ж ). 2008 жылы қайта біріктірілген кафедраны ҚР ҰҒА-ның академигі, профессор Рақышев А.Р. басқарды.
Кафедрада қызмет ететіндер: 5 профессор: Рахишев А.Р., Мусагалиева Г.М., Жаныбеков Д.Е., Досаев Т.М., Романюк С.Н. және 9 м.ғ.к., мен доценттер: Салимгереева Б.Ж., Муканова С.М., Сарыева З.А., Жумабаев Ү.Ж., Шакенов Б.Ш., Мусаева Г.А., Мынжанова Г.Р., Исабекова У.А., Дюсембаева А.Т., Дакенова К.Т., аға оқытушылар: Даненов Н.А., Косманбетов Т.С., Абилова А.А., Омарбекова Ф.С., Искиндирова А.М., докторант Жолдыбаева А.А. Оқытушылар: Ахмад Н.С., Искакова Л.А., Байғамысова Д.С., Тукибаев Ж.А., Тажиметов Б.М.; аспирант Рузуддинов Т.Б.
Академик Рақышев А.Р. – 200-ден аса ғылыми жұмыстармен 16 монографияның авторы. Оның жетекшілігімен 27 кандидаттық және докторлық диссертациялар орындалды. Ең үлкен еңбегі республикада алғашқы болып 3 тілде сөздіктер мен оқулықтар шығаруы. Олар: « Казахско-русско-латинскии және латино-русско-казахский словарь анатомических терминов » 2 томдық (1963,1966ж ), «Гастроэнтерологический словарь тюркоязычных народов» 6-тілде (1997ж ), ҚР Жоғарғы медициналық оқу орындарына арнап мемлекеттік тілде 2-томдық «Адам анатомиясы» оқулығы, «Международная анатомическая номенклатура» (2004ж ), қазақша көлемді атлас «Адам денесі» (2006ж ). Ағылшын тілінен аударылған «Dorling Kindersley book » (1995-2006 ж. ), Тони Смиттің редакциясымен 2006 жылы латынша, қазақша, орысша 4 томдық «Атлас анатомии человека» жарық көрді.
2011 жылдың мамыр айынан бастап академик А.Р.Рақышев С.Д.Асфендияров атындағы ҚҰМУ-нің қалыпты анатомия кафедрасының құрметті профессоры, Астана мен Қарағанды медицина академияларының құрметті профессоры. Морфологтардың халықаралық ассоциациясының құрметті мүшесі (2006ж. Москва ).ҚР денсаулық сақтау министрлігінің Терминологиялық комиссиясының төрағасы(2004ж ), «Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясы» атты Республикалық қоғамдық бірлестіктің тексеру комиссиясының төрағасы (2009ж ). Өзінің туылған жері Қарқаралы ауданы Қарағанды облысының құрметті азаматы, С.Д.Асфендияров атындағы ҚҰМУ-нің қамқорлық көрсету кеңесінің мүшесі.
2011 жылдың 1-маусымында кафедра меңгерушісі болып м.ғ.д.,профессор, Досаев Т.М. тағайындалды.
Кафедра екі бағытта толыққанды ғылыми-зерттеу жұмыстарын атқаруда: «Қазақша медициналық терминдерді ендірудің ғылыми негіздерін зерттеу» және «Вегетативтік нерв жүйесінің құрылымдық қызметтік түзілісі мен шеткі нерв жүйесінің қалпына келу ерекшеліктері». Кафедрада ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстарға үлкен назар аударылады. Соңғы жылы кафедра қызметкерлерінің 60 ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстары жарық көрді.
Кафедраның ғылыми-студенттік үйірмесінде 65 студент айналысып жүр. Кейінгі 10 жыл бойы ҒСҮ-нің мүшелері университеттік және халықаралық конференцияларда ұдайы жүлделі орындарға ие болып жүр. 2009 жылы студент Арыстанбек Мерей «Молодежь в науке – 2009 » атты халықаралық форумның лауреаты атанды, 2-деңгейлі дипломмен марапатталды.