Дүниежүзілік денсаулық күніне орай 07.04.2022 күні «Биофизика курсымен қалыпты физиология» кафедрасының оқытушылары Алмабаева Н.М., Байдуллаева Г.Е., Усипбекова Д.И. «Жалпы медицина» мектебінің 1 курс, кураторлық топ студенттерімен біріге отырып «Денсаулық –зор байлық» тақырыбында дөңгелек стол өткізді. Топтың бөлінген екі топшасы:
- Біздің денсаулығымыз тікелей өзімізге байланысты;
- Біздің денсаулығымыз тікелей өзімізге байланысты емес
деген екі бағытта ойларын ортаға салды. Әр бағыттағы айтылған сөздер мен ойлар фактілер мен дәлелдемелер арқылы қорғалды. Содан кейін денсаулыққа байланысты мақал-мәтелдер, афоризмдер, ұлы адамдардың айтқан сөздері талқыланды. Шараның соңында сөз алған аға куратор Алмабаева Н.М. денсаулық әр адамның өзіне тікелей байланысты, салауатты өмір салтын сақтау әр азаматтың міндеті екенін айтып өтті.