(KAZ) «Адамгершілік-рухани тәрбие негізі»

Sorry, this entry is only available in KAZ.

«Адамгершілік-рухани тәрбие негізі»

«Биофизика курсымен қалыпты физиология» кафедрасының  оқытушылар Алмабаева Н.М., Абдрасилова В.О. және Ильясова Г.О. «Жалпы медицина-1» мектебінің студенттерімен біріге отырып «Адамгершілік-рухани тәрбие негізі» тақырыбында  әңгіме-сұхбат 21.02.2023 күні ұйымдастырып өткізді. Адамгершілік адамның ең асыл қасиеттерін анықтайтын бірден – бір аяулы ұғым. Ұғым ғана емес, тіршіліктің мәнін, дүниенің сәнін ұстап тұрған ең ұлы ұстаным екенін, қасиеттері, қағидаларына тоқталды. Сонымен қатар Абай атамыздың кейбір қара сөздерінің мән мағынасы төңірегінде әңгіме қозғалды. Адамгершілікке байланысты сөзжұмбақтар, жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер айтылды және берілген сөздер арқылы түйінді сөздер құрастырылды.

Адамгершілік жеке дара ұстаным емес, заңныңда, заманның да, адамның да құдіреттілігін танытатын ең ұлы күш екенін білсек «парасатты» адамдардың қатарында боларымыз сөзсіз.