(KAZ) Балалардың дұрыс тамақтануы мен физикалық белсенділік дағдыларын дамыту

Sorry, this entry is only available in KAZ.

Мектеп жасындағы балалардың рационында азық – түліктің барлық негізгі топтары, әсіресе, көкөністер, жемістер мен жидектер, астық тұқымдастар (нан және нан-тоқаш өнімдері, жармалар, макарон өнімдері), ет және ет өнімдері, балық және балық өнімдері, сүт және сүт өнімдері, жұмыртқа, тағамдық майлар (өсімдік мен жануарлар майлары) және бұршақтар болуы қажет.

Дұрыс тамақтану принципі бойынша майсыз жылқы, сиыр еттерін, тауық, күрке тауық еттерін пайдалану керек.

Оқушылардың тамақтануына бұл өнімдерді қайнатылған және бұқтырылған тағамдар ретінде қолданған жөн, өйткені қуыру кезінде майдың тотығу өнімдері асқазан мен ішектің шырышты қабығын тітіркендіреді, қышу, іштің ауруы және т. б. жағдайларды тудыруы мүмкін.

Сүт және сүт өнімдері негізінен ақуыз және май көзі болып табылады, сондай-ақ сүйек тінінің түзілуіне қажетті жеңіл сіңімді кальцийдің, сондай-ақ В2 витаминінің негізгі жеткізушілерінің бірі болып табылады. Балалар мен жасөспірімдер үшін күн сайын айран, биокефир және басқа да қышқыл сүт өнімдерін тұтыну маңызды. Көкөністер мен жемістер С витаминінің, фолий қышқылының және β-каротин – А провитаминнің, биофлавоноидтардың, әртүрлі қышқылдардың, калийдің және тағамдық талшықтардың негізгі көзі болып табылады.

Сонымен қатар, оқушылардың тағамдық рационында нан (қара бидай және бидай, ірі тартылған ұннан жақсы), жарма, әсіресе қарақұмық және сұлы болуы керек. Бұл өнімдер өсімдік майларының, Е, B1, B2, PP дәрумендерінің көзі болып табылады. Витаминдердің ағзаға жеткілікті түсуі өте маңызды, органдар мен жүйелердің дамуына зор әсер жасайды.

Балалардың дамуына тек дұрыс тамақтану ғана емес,физикалық белсенділікте маңызды болып келеді. Баланың физикалық және психологиялық денсаулығын нығайту дегеніміз – әр баланың бірін-бірі қайталамайтын жеке тұлға екендігін ескере отырып, оның өз өмір жолын таңдауға еркі бар, өзінің табиғи қабілеттерін дамытуға құқығы бар, өзінің «мені» бар сапаларын сақтай отырып, дене дамуын нығайту. Балаға өз қызығушылығы мен сұранысы және мақсаттары бар тұлға деп қарау қажет. Нығайту жүйесі тұлғаның еркін дамуымен, оның физикалық, интеллектуалдық, эмоционалдық, психологиялық, моральдық-еріктік және құндылық қабілеттерінің үйлесімді дамуы үшін бүкіл адамзат цивилизациясының мәдени жетістіктері негізінде дамуы жүзеге асу үшін жағдай жасайды. Қозғалыс – бала үшін үлкен бір қуаныш көзі, сондықтан да қимыл күші оның денесін нығайтумен қатар психикалық дамуына үлкен әсерін тигізеді.

 Сұғбатты дайындағандар:

ҚазҰМУ Педиатрия мектебінің 3 курс Пед23-006к  студенттері: Якуп Диляра ,Құрманғали Ерсұлтан ,Шакирт Ақзере , Еркінбек Лаура

Сұғбат Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы,Бәйтерек ауылында, Бәйтерек орта мектебінде ,оқушылар арасында жүргізілді

Ғылыми жетекшілері:

Балалар пропедевтикасы кафедрасының меңгерушісі:
Ассоциированный.профессор Сагатбаева Н.А ,
Профессор ассистенті   Жуманбаева К.Р.