«Діни қауіпсіздік экстремизм мен терроризм көріністеріне
қарсы іс-қимыл» тақырыбындағы тәрбие сағаты
Патофизиология кафедрасының доценттері Мырзағұлова Сырсұлу Ермұқанбетовна, Төлепбергенова Майгүл Жұмановна жалпы медицина ЖМ20-03, ЖМ20-04, ЖМ20-07, ЖМ20-08 топ студенттерімен Терроризм тақырыбында тәрбие сағатын өткізілді.
Шараның мақсаты: Жастар арасында діни экстремизм мен терроризм жайлы түсінік беру. Діни ағымдардың қоғамға әсерін көрсету. Әлемде болып жатқан террористік әрекеттер туралы ой түю. Жастардың діни ой-санасын дұрыс қалыптастыруға бағыттау.
- Сабақтың басында Тастан Сәтбек және Амин Аяулым тақырыпқа сәйкес дайындаған хабарламалар жасап, оны түсіндіріп берді.
- Студенттер бір-біріне бірнеше сұрақтар қойып, пікірлерімен алмасты.
Қазақстанда терроризмге қарсы іс-шаралар жеткілікті жүргізіледі ме? Қандай ұсыныс айтар едіңіз?
Қазақстанда терроризмге қарсы іс-шаралар жеткілікті межеде жүргізілуде. Дегенмен де, қазіргі таңда терроризмнің қаупі артуына байланысты жастар, жасөспірімдер арасында жиі үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу қажет.
Қазіргі қоғамда діннің атын жабылып террорлық әрекет жасағандар кесірінен көпшіліктің дінге деген көзқарасы өзгерді. Осындай топтарды қалай деп атаймыз? Оларды қалай қоғамнан ажыратамыз?
Діни терроризм – саяси мақсатты сылтауратып күш қолдану; Діни терроризм – діннің атын жамылып ұйымдасқан топ мақсатына жету үшін күш қолдану арқылы көрініс табатын әдіс. Қазіргі жағдайларда діни террористер, қоғамдық мәндегі ғимараттарды басып алу, жарып жіберу, ұшақтарды алып қашу және өзге де әрекеттерге барады. Террористік әрекеттер қашан да жариялы түрде жүреді және қоғамға, билікке әсер етуге бағытталады.
- Жағдаяттарды шешу студенттердің талас түрінде өткізілді.
Сіздердің дінге көзқарастарыңыз қандай? Терроризмге қарсы қандай іш шараларды ұйымдастырып тұру қажет? Жастар адаспасын десек терроризмді болдырмау үшін не жасауға болады? Әлемде болып жатқан террористтік әрекеттер туралы ойымыз қандай? Деген сынды сұрақтарды талдау арқылы пікірталас болды.
Сабақтың соңында Жалпы патофизиология кафедрасының доценттері Мырзағұлова Сырсұлу Ермұқанбетовна,Төлепбергенова Майгүл Жұмановна
Діни қауіпсіздік экстремизм мен терроризм жайлы өз пікірлерін ортаға салып, студенттерге алғыстарын білдірді.