23 желтоқсан күні Конгресс Холлда жалпы медицина факультетінің 3 курс студенттеріне арналған «Medium aurum» атты мерекелік кеш өтті. Мерекелік кешті қазақ радиосынан арнайы шақырылған Әсел Ергешқызы және 3 курс студенті Сидоров Александр қызықты және ерекше жүргізді. Бұл кеште 3 курс студенттерінің атынан факультет деканы Джумашева Рахима Тажибаевнаға өлең шұмақтары арналды. Ұйымдастырушылар әртүрлі номинациялар тапсырды: «Ең білімді топ» – 09-045-02 топ, «Ең көңілді топ» – 09-053-01 топ, «Ең ұйымшыл топ» – 09-032-01 топ, «Конспектісі түгел студент» – Мазанов Манас, «Ең өнерлі студент» – Артықов Ақиқат, «Білекті студент» – Ізбасаров Нұрқанат, «IT – студент» – Ешниязов Оразбек, «Ең жас отбасы» – Бугибаев Төлеген + Берикбаева Ұлжан, «Ең жас ана» – Амидова Майра, «Ең жас әке » – Болат Ербол, «Ең жарасымды жұп» – Төлендин Алим + Таласбаева Жанна. Ал, «Ең үздік куратор» номинациясын анатомия кафедрасының оқытушысы Ахмад Нұргүлім Сағидоллақызына берілді.
Сонымен қатар, бұл кеште әр студентке «Medium aurum» төсбелгісі сыйлыққа берілді. Кеш барысында қазақ эстрадасының әншілері 9 жасар Ермек Балжігіт, «Жебе», «Қыран» топтары келіп 3 курс студенттерін құттықтап әдемі әуендерін арнады. Бұл мерекелік кешке 3 курстың өнерлі студенттері ән айтып, би билеп, өлең жырларын арнады. Сонымен бірге, әртүрлі ойындар ойнатылып, «палата №6» атты көңілді тапқырлар клубы өз өнерлерін көрсетті. Осылайша, «Medium aurum» атты мерекелік кеш ұмытылмастай өте қызықты өтті.
Жалпы медицина факультетінің
ІІІ курс студенті Әкімбаева Айжан