(KAZ) Денсаулық зор байлық

Sorry, this entry is only available in KAZ.

Дүниежүзілік денсаулық күніне орай 07.04.2022 күні «Биофизика курсымен қалыпты физиология» кафедрасының оқытушылары Алмабаева Н.М., Байдуллаева Г.Е., Усипбекова Д.И. «Жалпы медицина» мектебінің 1 курс, кураторлық топ студенттерімен біріге отырып «Денсаулық –зор байлық» тақырыбында дөңгелек стол өткізді. Топтың бөлінген екі топшасы:

  • Біздің денсаулығымыз тікелей өзімізге байланысты;
  • Біздің денсаулығымыз тікелей өзімізге байланысты емес

деген екі бағытта ойларын ортаға салды. Әр бағыттағы айтылған сөздер мен ойлар фактілер мен дәлелдемелер арқылы қорғалды. Содан кейін денсаулыққа байланысты мақал-мәтелдер, афоризмдер, ұлы адамдардың айтқан сөздері талқыланды. Шараның соңында сөз алған аға куратор Алмабаева Н.М. денсаулық әр адамның өзіне тікелей байланысты, салауатты өмір салтын сақтау әр азаматтың міндеті екенін айтып өтті.