Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес.
Туберкулез — бұл өкпе және лимфа түйіндерде ерекше қабыну өзгерістерінің пайда болуымен сипатталатын жұқпалы ауру. Жұқтырудың негізгі көзі — туберкулездің ашық түрімен ауыратын, яғни сыртқы ортаға микобактерияны бөлетін адам. Бірнеше он жылдар бойы науқастарды емдеу үшін тиімді дәрі болса да, жыл сайын туберкулезден миллион адам қайтыс болады.
Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне орай 17.03.2022ж университетімізде ғылыми студенттік конференция өткізілді. Конференцияға факультет деканы және декан орынбасарлары шакыртылып,жиында туберкулездің алдын-алу және онымен күресудің жолдары қарастырылды. Қысқаша айтқанда заманауи емдеу тәсілдері сөз болды,сонымен қоса біздерді қуантатын жағдай, соңғы жылдары елімізде туберкулезбен ауру көрсеткіші 2 жарым есеге азайған.