«Мәдениет пен медицинаның ұлы тұлғалары»

16.11.2021 күні өткен онлайн шара «Мәдениет пен медицинаның ұлы тұлғалары» тақырыбында қазақ халқының ұлы тұлғаларының бірі С.Ж.Асфендияровқа арналды. Бұл шараны Биофизика курсымен қалыпты физиология кафедрасының оқытушылары Алмабаева Н.М., Абдрасилова В.О. және Усабаева Г.А. кураторлық топ студенттерімен өткізді. Шарада мемлекет және қоғам қайраткері Санжар Жапарұлының өмірі, қызметі, жанұясы және шығармашылығы жайлы студенттер кеңінен шолу жасады. Сонымен қатар студенттер тәрбиелік мәні мен маңыздылығы жағынан орын алатын қазақтың өлеңдерін жатқа айтты. Санжар Жапарұлының жүріп өткен сара жолы әрқашан біз үшін үлкен өнеге екенін ортаға салды. Университеттің тарихына қысқаша шолу жасалды. Сөз алған лектор Алмабаева Н.М. көрнекті ғалым–тарихшы Асфендияров Санжар Жапарұлының өмір жолдарын және кең ауқымды білімі мен тарихи-әдістемелік зерттеулерінен туындаған шығармаларын білу әр студент үшін маңызды екенін атап көрсетті.