«Халықаралық сыбайлас жемқолыққа қарсы күрес» күніне орай «ЖЕМҚОРЛЫҚ ІНДЕТ, ЖОЮ МІНДЕТ» тақырыбына арналған тәрбиелік іс-шара

  12. 2021 ж. күні №7 аудитория ғимаратында 2 аудиторияда сағат 10.00-де   Тілдік пәндері кафедрасының оқытушылары ұйымдастыруымен «Халықаралық сыбайлас жемқолыққа қарсы күрес» күніне орай  «Жемқорлық індет, жою мінднт» атты тәрбиелік іс- шара өткізді.

 Іс-шараның мақсаттары мен міндеттері:

  • Студенттерди адал жолмен жүруге, адалдыққа үйрету.
  • Сыбайлас жемқорлық туралы қысқаша мағұлматтар беру.
  • Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.
  • Жемқорлыққа қарсы заңдарымен таныстыру.

Іс-шараға 21-015(001)ЖМ, 21-002(02)ҚДС, 21-012(001)СТ, 20-19(002)ТФП, 21-01(01) Фарм 1,2 курс студенттері қатысты. Тақырыпқа байланысты презентациялар дайындап, викториналық ойындар ойнатты. Сұрақтарға дұрыс жауап берген студенттер сыйлыққа ие болды. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты көріністер қойылды. Студенттер өздері видео материал дайындады. Жемқорлыққа байланысты заңдар айтылды. Соңында студенттер өз қолдарымен жемқорлыққа қарсы жасап алып келген плакаттарын сайысқа салды.  

Бір сағат көлемінде өткен тәрбиелік іс-шарадан студенттер өзеріне  сыбайлас  жемқорлыққа байланысты көптеген мәліметтер алды. Болашақта сыбайлас жемқорлыққа бармайтынын түсінді. Жемқорлық түбі қорлық екенін білді.  Студенттер ашық ойларын айтып белсенді қатысып отырды. Іс-шара мәнді, мағыналы және әсерлі өтті.

Қорыта айтқанда, бүгінгі тәрбиелік іс-шара студенттердің дұрыс ойлануына, болашақта жемқорлыққа бармауына ықпал етті.  Алдағы уақытта да көптеген іс- шаралар өткізіліп тұрса, сыбайлас жемқорлықты жеңеміз деп сенеді. Еліміздің болашағы біздің жастардың қолында.