Бүгінгі Ұлыстың ұлы күні — ата — баба сөзімен айтқанда ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы – бұл көктем мен еңбектің мерекесі, күн мен түн теңесетін күн. Бұл мейрам 22 наурыздан 19 сәуірге дейін тойланатын ұзақ мейрам. Көктем мен Жаңа күн мерекесі.
«Жиналдық Наурыз тойға бәрімізде
Үлкен – кіші жасымыз кәріміз де
Әрбір ұлттың жиналған өкілдері
Өнерлерін көрсетуге келді міне
Енді ортаны баршыңызға ашайық
Көрермендерге жырдан шашу шашайық
Ән мен күйді, жыр мен биді шалқытып
Өнерменен інжу — маржан шашайық», —
деп 3 курс 12-02 тобының студенті Қанатов Азат — Құрманғазының күйі «Адайды» орындаса, Қадір Мырзалиевтің «Қазақ осы!» — атты тамаша әнін 2 курс студенті Тәңірбергенов Орынбасардың орындауында тыңдасақ, жалпы медицина 4 курс 17-19-1 топ студенті Алтынбек Жауқазын Алтынбекқызы «Әз Наурыз!» — атты авторлық өлеңін көрермендерге тарту етті.
Және де 4 курс 19-1 топ студенттері «Қазақ ұлттық тағамдарын дайындаудан» онлайн бейнероликтер челенджін өткізді.
2021 жылдың 25 наурызында тәрбие жұмысына жауапты — Ішкі аурулар кафедрасының ассистенті Омарова Хадиша Сабыровна және Ішкі аурулар пропедевтикасы курсының ассистенті Сулейменова Асем Сагинтаевнаның ұйымдастыруымен және ЖМ мектебі 3 курс 12-02, 13-01, 10-02 топ студенттерінің және 4 курс 17-19-02 топ студенттерінің үлес қосып, ат салысуымен өткізілген іс-шара әрбір тыңдаушының көңілінен шықты деп ойлаймыз. Қазіргі пандемия уақытында ұлттық сана, салт-дәстүрімізден алшақтамай, ұмыт қалдырмай, осы бір тамаша көктем мейрамын студенттерімізбен бірге атап өту маңызды деп білеміз!