«Адалдық пен ашықтықты таңдаймыз!»

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру  және алдын алу мақсатында «Биофизика курсымен қалыпты физиология» кафедрасының оқытушылары Алмабаева Н.М., Абдрасилова В.О. және Курманова Г.З. «Адалдық пен ашықтықты таңдаймыз!» тақырыбында пікір-талас ұйымдастырды.

Шарада «Ойлан, тап» (жемқорлық көріністері байқалатын мақалды табыңыз) және тренинг  (студенттер үш тілде елімізде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға арналып жүргізіліп жатқан жұмыстары мен сыбайлас  жемқорлыққа байланысты тапсырмалар) ұйымдастырылды.  Шарада тәлімгерлік топ студенттері белсене қатысып, өз ойларын ортаға салды.