Санжар Асфендияров – Қазақстанның медицина саласындағы алғашқы көрнекті қайраткерлерінің бірі, дәрігер, ғалым, педагог және қоғам қайраткері. Ол медицина мен білім саласына ғана емес, қазақ халқының мәдениеті мен тарихына да үлкен үлес қосқан тұлға ретінде айтылып талқыланды.
«Ерте көктем» фильмі – С.Ж. Асфендияров туралы, оның өмірі мен еңбектерін баяндайтын тарихи-драмалық туынды. Бұл фильмде қазақтың алғашқы медицина ғылымдарының докторы, белгілі қайраткер және ағартушының өміріндегі маңызды кезеңдер мен оның халыққа жасаған еңбектері көрсетіледі.