ЖАТАҚХАНАНЫҢ ТЫНЫС ТІРШІЛІГІ

23.11.21 күні Биофизика курсымен қалыпты физиология кафедрасының лекторлары Алмабаева Н.М. және Абдрасилова В.О. №2, №8 жатақханаларда тұратын кураторлық топ студенттерімен «Университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты» тақырыбында әңгіме жүргізді. Алмабаева Н.М. университетте жүргізіліп жатқан жұмыстар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес –ортақ парыз екені туралы баяндады. Абдрасилова В.О. алдағы сессия туралы айтып өтті. Сонымен қатар студенттердің жатақханада тұру ережелерін сақтау және орындау жөнінде де сөз қозғалды. Жатақханалар таза, санитарлық ережелер сақталған, студенттерге бар жағдайлар жасалған.