Кафедра тарихы

Рентгенология және радиология кафедрасы алғаш рет 1953 жылы ұйымдастырылды. Кафедраның алғашқы меңгерушісі және оны ұйымдастырушы медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Балмұханов Сайым Балуанұлы болды. 1961-1985 жылдар аралығында сәулелік диагностика және сәулелік терапия кафедрасын профессор Серғазин Айқазы Ғазизұлы басқарды. 1986-1988 жылдар аралығында медицина ғылымдарының докторы, профессор Х.А.Абисатовтың жетекшілігімен онкология кафедрасы рентгенология және радиология кафедрасымен біріктірілді. 1989-2000 жылдар аралығында кафедраны м.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Ж.Н.Абдрахманов басқарды. 2001 жылдан бастап онкология, маммология, сәулелік диагностика және сәулелік терапиямен біріккен кафедрасын м.ғ.д., профессор Ж.А.Арзықұлов басқарды.

2007 жылы «Визуалды диагностика» дербес кафедрасы ұйымдастырылып, кафедра меңгерушісі болып м.ғ.д., профессор Хамзин А.Х. тағайындалды.

2013 жылдың наурыз айынан бастап оқу үдерісін, ғылымды және клиниканы біріктіру мақсатында «Визуалды диагностика» кафедрасына жетекшілік ету ҚазОРҒЗИ сәулелік диагностика бөлімшесінің меңгерушісі – м.ғ.д., профессор Жолдыбай Жамиля Жолдыбайқызына жүктелді

Кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы: м.ғ.к., қауымдастырылған профессор, кафедра профессоры Жакенова Ж.Қ., оқу ісінің меңгерушісі Аманкулова Ж.Б., PhD, ғылыми атағы жоқ қауымдастырылған профессор (доценттер): Мұстапаева А.А., Филиппенко Е.В., профессор ассистенттері: Бурахан Б., Бурхан Н., Байгулова С.С., Дауытова Ю.Т., Мамырова А.К., лектор Габдуллина М.О., ассистенттер Жаркинбекова Ж.Т., Туленды У.С.

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының ғылыми дәрежелері, ғылыми атақтары, біліктілік санаттары бар.

Кафедра ұжымы С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ стратегиялық даму жоспарын жүзеге асырудағы әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді сақтап, университеттің қоғамдық өміріне белсене қатысады.