ҚазММУ ғылыми кеңесі шешімі және ММБС-96 сәйкес №99 ректордың бұйрығымен 23 мамыр 1997 жылы жедел медициналық жәрдем беру кафедрасы «Жедел медициналық жәрдем көмек» пәнін оқыту үшін ұйымдастырылған. Кафедраның клиникалық базалары Қалалық кардиологиялық орталығы, ҰОС емханасы және ЖМЖС №1,2,3,4,6,7 8,10 қосалқы бекеттер.
Кафедрада кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Тұрланов Қ.М. жетекшілігімен 6 докторлық және 16 кандидаттық диссертация қорғалған.
Кафедрада профессорлар, доценттер бірлесе отырып 1020 астам мақалалар, 758 тезистер әртүрлі басылымдар басылып шықты және Халықаралық, Республикалық конгресстер, съездер, ғылыми-тәжірибелік конференциялармен семинарлар өткізілді. Мемлекеттік тілде «Жедел медициналық жәрдем» кітабы басылып шықты, 38 оқу-әдістемелік құралдар, оның ішінде 15 мемлекеттік тілде оқу үрдісіне қолданылуда.
1997-ден 2017 жыл аралығында кафедра қызметкерлерімен ҚР ДСМ бұйрығы бойынша ЖМЖБ курсы, дәрігер-интерндерге типтік бағдарламалар құрастырылған, сонымен қатар тәжірибелік машықтануға арналған көрнекі құралдар, муляждар, фантомдармен қамтамасыз етілген. 1998 жылы мамыр айында дәрігерлерге арналған біліктілігін жетілдіру циклы, 1999 жылы оқытушылар БЖФ ұйымдастырылған. 1998 жылдан бері студенттік «Эскулап» үйірмесі жұмыс жасайды. Онда кафедраның профессорлы-оқытушылар құрамы студенттермен ғылыми жұмысты университетте ғана емес, сонымен қатар басқа да ЖОО тығыз байланыста жұмыс жасап, белсене ат салысты. Көптеген Польша, Германия, Литва, Венгрия елдерінде ғылыми конференцияларында жүлделі орын алған.
Кафедра ПОҚ ҚР көптеген аймақтарында (Орал, Тараз, Шымкент, Қызыл-орда) шығу циклдарын ұйымдастырып, ЖМЖБ 1200 астам қызметкерлері оқудан өткен. Кафедра қызметкерлерімен базалық мекемелерде емдеу-ақыл кеңес жұмыстары жүргізіледі және көптеген ішкі аудит, емдік бақылау комиссиясында мүше. Кафедраның профессорлы-оқытушылық құрамы Денсаулық сақтау үздігі, білім беру саласының құрмет қызметкерлері, ҚР ғылымының дамуына қосқан үлесі үшін, ҚР президенті және ғылым-білім министрі алғыс хаттарымен, алтын дәрігер, жыл дәрігері, Еңбек қайраткері құрмет белгілерімен марапатталған.
Кафедраның құрылғанынан бері кафедра меңгерушісі медицина ғылымының докторы, профессор Тұрланов Қуаныш Мезамғалиұлы.
Білім үрдісі сапасын жетілдіріп дамыту ММБС, біліктілік жетілдірудің типтік бағдарламасын құрастыруда аса мол үлес қосқан. Пульмонология, кардиология, гериатрия, жедел медициналық жәрдем, ішкі аурулар саласының жетік маманы. 6 докторлық және 16 кандидаттық диссертация дайындаған. 450 астам ғылыми жұмыс басылып шыққан. «Қазақстан Денсаулық сақтау ісінің үздегі», «Білім беру саласының құрмет қызметкерлері», «ҚР ғылымының дамуына қосқан үлесі үшін», ҚР президенті және ғылым-білім министрі алғыс хаттары, 2005 жылы жыл дәрігері, ҚазҰМУ алтын стетоскоппен, Еңбек қайраткері, Алтын дәрігер құрметтерімен марапатталған.
Қазіргі кезде кафедрада барлығы 6 профессор, 6 доцент және 16 ассистент жұмыс жасайды,оның екеуі денсаулық сақтау қоғамының магистрлері.
2017 жылы Жедел медициналық жәрдем беру кафедрасы 20-жылдық мерей тойын атап өтті.
Жедел медициналық жәрдем беру кафедрасының профессоры, медицина ғылымының докторы Сёменова Раиса Ивановна дәріс оқуда.
Жедел медициналық жәрдем беру кафедрасының клиникасы