Қазақ халқының ұлы ақыны, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойына орай 2026 жылғы 27-ақпан күні С.Р. Қарынбаев атындағы қалыпты анатомия кафедрасының оқытушылары: лекторы Сайдахметова Айдана Қанатқызы және ассистент профессоры Абилова Абилова Алтын Аскаровна М24-053р, П25-002қ, М25-051 топ студенттерімен «Жыр алыбы – Жамбыл» атты әдеби-сазды дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, болашақ медицина мамандарының рухани-адамгершілік тәрбиесін нығайтуға, ұлттық әдеби мұраны дәріптеуге және қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Жамбыл Жабаевтың шығармашылығын кеңінен насихаттауға бағытталды.
Студенттер ақынның «Ленинградтық өренім», «Алатау», «Письмо к сыну» және т.б. шығармаларынан үзінділер оқып, поэзиялық композициялар орындады. Әдеби-сазды бөлімде жыр шумақтары мәнерлеп оқылып, көркем сөз арқылы қатысушыларға рухани әсер берілді. Іс-шара барысында белсенді пікір алмасу ұйымдастырылып, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға мазмұнды жауаптар берілді. Іс-шараға профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер қатысты.
«Жыр алыбы Жамбыл» атты әдеби-сазды дөңгелек үстел жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мақсатына жетті. Шара барысында медицина университетінің студенттері ұлттық әдебиеттің құндылығын терең түсініп, Жамбыл Жабаевтың шығармашылық мұрасының тәрбиелік және рухани маңызы туралы білімдерін толықтырды. Осындай мәдени-танымдық іс-шаралар болашақ медицина мамандарының тұлғалық қалыптасуына оң ықпал ететіні атап өтілді.


