«Анатомия және гистология» морфология секциясы бойынша халықаралық олимпиада

2025 жылдың 16 сәуірінде С.Р. Қарынбаев атындағы Қалыпты анатомия кафедрасының 95 жылдығына арналған халықаралық студенттік олимпиада өтті. Түрлі елдерден келген 10 команда жүлделі орындарға таласып, анатомия және гистология саласындағы тамаша білімдерін көрсетті.

Олимпиада онлайн форматта ZOOM арқылы өтті және бірнеше кезеңнен тұрды. Атап өтетін болсақ: сәлемдесу «Шығармашылық» сайысы командаларды басқа тілде таныстыру, әр оқушы жапон, ағылшын, қытай, өзбек, қырғыз, орыс және қазақ тілдерінде сөйлеуге мүмкіндік алды. Тест сұрақтары, ситуациялық есептерді шешу және командаға берілген тапсырмаларды орындау, капитандарға арналған жеке кезең болды, мұнда әрбір капитан рентген және электронограммалар бойынша білімдерін көрсетті.

Досаев Т.М., Елясин П.А., Бейсембаев А.А., Сулейманова Р.Т., Көмекбай Ж.Е. қазылар алқасының мүшелері ретінде қатысты. Қазылар алқасы студенттердің анатомиялық және гистологиялық ойлауын, клиникалық талдау дағдыларын және оларды тәжірибеде қолдану мүмкіндіктерін ескере отырып, жауаптарын әділ бағалады.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
Гран-при: «Vincentes» командасы – Новосибирск
1 орын: «Astra Medica» командасы – ҚазҰМУ
2 орын: «Motus rationalis» – Саратов, «Nomad cells» – Астана, «NaVi» – Бішкек.
3 орын: «Реавиз» – Санкт-Петербург, «Биойогурты» – КазНАИУ, «Риолан» – Ақтөбе, «Основаны на реальных тканях» ҚРМУ, «Scalpel» – Ташкент.
Жалпы, олимпиада жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылардың білімі мен біліктілігін арттыруға мүмкіндік берді. Қатысушылар анатомия және гистология саласындағы білімдерін тереңдетіп, тәжірибе жинақтады. Мұндай білім сайыстары медициналық жоғары оқу орындарының білім беру жүйесін жетілдіруге үлкен үлес қосуда.