2025 жылғы 04 қазанда тілдік пәндер кафедрасының оқытушылары Л.С. Бекпентаева,
Р. А. Тұрсынбаева, А. А. Бижанова, Г. Т. Абдуллаева ҚР Тілдер күніне арналған
“Тіл – ұлттың жаңа” халықаралық студенттік байқауын өткізді. Байқауға 6 команда қатысты- “SARYARKA” (Karaganda Medical University), “SHIPAGER” (Marat Ospanov West Kazakhstan Medical University), “CASPI” (Caspian University), “ЖҮРЕК ҚОРҒАУШЫЛАРЫ” (Caspian University), “MEDICS” (Tashkent State Medical University),”Асфен” (Asfendiyarov Kazakh Ұлттық Медицина Университеті)
Байқау Иордания, Үндістан, Түркия, Египет, Пәкістан және Өзбекстаннан келген шетелдік студенттер арасында онлайн және офлайн форматта өтті. Халықаралық студенттік байқау 4 кезеңде өтті: I тур- сайыс қатысушыларының сәлемдесуі және өздерін таныстыруы, II тур- блиц-сұрақтар үш тілде, III тур- үздік микс (командалық жұмыс), капитандар шайқасы. Конкурсты үш тілде өткізу шетелдік студенттердің Қазақстан және медицина туралы білімдерін кеңейтуге, интернационализм мен толеранттылық сезімін тәрбиелеуге мүмкіндік берді. Байқау жоғары деңгейде өтті, шығармашылық тапсырмалармен және қатысушылардың осы тілдерді одан әрі зерделеу үшін оң көзқарасымен ерекшеленді.




