ЖЕМҚОРЛЫҚҚА КАРСЫ САЯСАТ БОЙЫНША ІС-ШАРА

Жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасында 20.12.2019 ж. емтихан алды кезеңіне және алдағы болатын аралық аттестацияға байланысты жемқорлыққа қарсы іс-шара жүргізілді. Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы қатысуымен жемқорлықпен күресу бойынша сұхбат жүргізілді, ақпараттық материал және парақшалар таратылды. Сонымен қатар, резидент-инфекционисттермен, ЖТД интерндармен және ХМФ студенттерімен сұхбат жүргізіліп, ақпараттық парақшалар таратылды. Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы студенттерге, резиденттерге аралық аттестация қарсаңында кеңестер өткізетін оқу бөлімінде жемқорлыққа қарсы парақшалар ілінді.