Профессор Е.Т. Дадамбаевтың жарқын бейнесіне арналған ғылыми-тәжірибелік конференция

2025 жылғы 17 қазанда көрнекті ғалым, дәрігер және ұстаз — профессор Е.Т. Дадамбаевтың жарқын бейнесіне арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Іс-шара Жалпы медицина мектебі мен Педиатрия мектебінің бірлесіп ұйымдастыруымен өтті. Конференция аясында педиатриялық медицинаның өзекті мәселелері бойынша баяндамалар тыңдалды.
Бұл конференция университет өміріндегі маңызды оқиға болып, профессор Дадамбаев негізін қалаған ғылыми дәстүрлердің сабақтастығын көрсеткен үлгіге айналды.